Валентин Яковлевич Басин
Валентин Яковлевич Басин (28. 3.1923, Украина, Донецк облысы Артемов қ. – 5.11.2004, Алматы қ.) – заң ғылымдарының докторы (1964), профессор (1966), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984).
2-дүниежүз. соғысқа қатысқан және Кеңес армиясы (1941–1946) қатарында болған. Алматы заң институтын бітірген (1949). Еңбек жолын Алматы заң мектебінде бухгалтер, оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы, оқытушы, аға оқытушы (1947–1955), ҚазМУ-да (1955–2004; қазіргі ҚазҰУ) доцент, проф., кафедра меңгерушісі, декан болып қызмет атқарды.
1964 ж. «Проблемы советского жилищного права» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғыл. жұмыстарында шаруашылықты жүргізудің құқықтық пішімдері мен келісімшарттық тәртіпті нығайту шараларын зерттеді. Қазақ КСР-і Азаматтық құқығының негізгі бөлімдерін жазуға қатысқан авторлардың бірі (1978, 1980).
«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 28 наурызда туғандар
- 1923 жылы туғандар
- Артемовта туғандар
- Заң ғылымдарының докторлары
- Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- Алматы заң институты түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан заңгерлері