Бөрене
Бөрене — бұтақтарынан ажыратылған бағананың жоғарғы жағы алынып тасталған кесілген үлкен ағаш, немесе бағананың бөлігі.
Бөренелерді агрегатты өңдейтін тізбек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бөренелерді агрегатты өңдейтін тізбек - ағаш өңдеу өндірісінде қабықтары аршылған диаметрлері 10...18 см, ұзындықтары 3...7,5 м келетін бөренелерді жоңғылап және аралап қажетті қималы тілінген материалдар, сонымен қатар технологиялық жаңқа жасау үшін қолданылатын тізбек.
Бөренелерді агрегатты өңдейтін тізбек
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. фрезернопильные линий агрегатной переработки бревен) — бір және екі жұп диаметрлі қалқан тұқымды бөренелерді кесіліп тілінген материалдармен қатар технологиялық жаңқалар жасайтын тізбектер.Өңделетін бөренелердің өлшемдері: жоғары ұшының диаметрлері 10...18 см, ұзындықтары 3, ...7,5 м. Өңдеу биіктігінің ең жоғары өлшемдері 155...160 мм.
Бөренелерді бойлай тілетін дөңгелек аралы (екі білікті)ауыр білдек
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. тяжелый (двухвальный) станок для продольнот распиливания бревен) — диаметрлері 1100 мм-ге дейін, ұзындықтары min 1,8 ... max 6,5 м бөренелерді бойлай тілетін екі білікті құрылғы Тілімдеу биіктігі 800 мм-ге дейін.
Бөренелерді бойлай тілетін дөңгелек аралы жеңіл білдек
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. легкий круглопильный станок для продольного расмиливания бревен) - диаметрлері 325 мм-ге дейін, ұзындықтары min 0,5...max 2 м бөренелерді бойлай тілетін құрылғылар. Тілімдеу биіктіи 325 мм-ге дейін.
Бөренелерді бойлай тілетін дөңгелек аралы орташа білдек
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. средний круглопильный станок для продольного распиливания бревен) — диаметрлері 700 мм-ге дейін, ұзындықтары min 1,2... max 6,5 м бөренелерді бойлай тілетін құрылғы. Тілімдеу биіктігі 500 мм-ге дейін.
Бөренелерді және сырықтарды бойлай тілетін екі білікті көп аралы білдек
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. двухвальный многопильный станок для продольного распиливания бревен и брусьев) бөренелерді бойлай аралап сырықтарды, шпалдары және төртбұрышты тақтайларды жасауға арналған білдек. Араланатын бөрененің ең үлкен өлшемдері: ендері 650 мм-ге дейін, қалыңдықтары 200 мм-ге дейін.
Бөренелерді және сырықтарды көлденең тілетін дөңгелек аралы білдектер
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. круглопильные станки для продольного распиливания бревен и брусьев) — бөренелерді көлденең тіліп сырықтар шпалдар, тақтайлар жасау үшін қолданылатын білдектер. Араланатын сырықтардың биіктігіне қарай тік жазыққа орналасқан бір және екі аралы білдектер болады.
Бөренетасығыш
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. бревнотаска, лесотаска) — бөренелерді тасымалдауға арналған механикаландырылған құрылғы. Бөренетасығыш жетек және тарту станциясынан, және бөренелерді қармайтын құралы бар шынжырдан тұрады. Бөренетасығыштар бөренелерді судан шығарып қоймаға түсіреді және өндіріске жеткізеді.
Бөрене тілетін қосарланған тік білдек
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. бревнопильный сдвоенный вертикальный станок) — ірі өлшемді бөренелерді бойлай тілетін және жапырақ тұқымды қатты ағаштардан жасалған араланған материалдарды жеке дара пішімдейтін құрылғы. Тілгілеу биіктіктігі 600.
Тілетін тік дара білдек
[өңдеу | қайнарын өңдеу](ор. бревнопильный одинарный-вертикальный станок) - ірі өлшемді бөренелерді бойлай тілетін және жапырақ тұқымды қатты ағаштардан жасалған араланған материалды жеке дара пішімдейтін құрылғы. Тілгілеу биіктігі 700...1100 мм.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.