Мазмұнға өту

Бұқар жырау ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Бұқар жырау ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қарағанды облысы

Аудан орталығы

Ботақара

Ауылдық округтер саны

26

Кенттік әкімдіктер саны

3

Ауыл саны

67

Әкімі

Ерлан Құсайын

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ботақара кенті, Абылайхан көшесі, №39

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°57′21″ с. е. 73°43′01″ ш. б. / 49.95583° с. е. 73.71694° ш. б. / 49.95583; 73.71694 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°57′21″ с. е. 73°43′01″ ш. б. / 49.95583° с. е. 73.71694° ш. б. / 49.95583; 73.71694 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1938

Жер аумағы

14,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC 5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

53 606[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (63,33%), орыстар (24,16%), немістер (3,52%), украиндар (2,67%), татарлар (1,68%), беларустар (1,1%), басқа ұлт өкілдері (3,54%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

100400-100435

Автомобиль коды

09

Бұқар жырау ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Бұқар жырау ауданы

 Басқа мағыналар үшін Бұқар жырау (айрық) деген бетті қараңыз.

Бұқар жырау ауданыҚарағанды облысының солтүстік шығысындағы әкімшілік бірлік. Аудан 1938 жылы құрылды. Аумағы 14,6 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Ботақара кенті.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан батысында Нұра, шығысында Қарқаралы, оңтүстігінде Абай, Шет аудандарымен, солтүстігінде Осакаров және Павлодар облысының Баянауыл аудандарымен шектеседі.

1938 жылы 14 ақпанда Ворошилов ауданы болып құрылып, орталығы Колхозное ауылы болды. Ауданға Баянауыл ауданының 4 ауылдық кеңесі, Қарқаралы ауданының 4 ауылдық кеңесі, Тельман ауданының 2 ауылдық кеңесі және Қарағанды қалалық кеңесінің 4 ауылдық кеңесі енді.

1941 жылы Ақжар, Елтай, Зеленая Балка, Миньков, Сенокосный ауылдық кеңестері Тельман ауданына берілді.

1944 жылы Калинин, Пролетар, Пушкин ауылдық кеңестері және Семізбұғы кенттік кеңесі құрылды.

1954 жылы Жаңақала ауылдық кеңесі Пушкин ауылдық кеңесіне қосылды.

1957 жылы Тельман ауданынан Кузнецкий ауылдық кеңесі берілді.

1961 жылы Ворошилов ауданы Ульянов ауданы және орталығы Колхозное ауылы Ульяновское ауылы болып өзгертілді. Пролетар, Шалқар ауылдық кеңестері таратылды. Үлгі ауылдық кеңесі Бабаев ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1962 жылы Ворошилов ауылдық кеңесі Хорошев, Колхозный ауылдық кеңесі Ульянов ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1963 жылы Ульянов ауданы таратылып, аумағы Тельман ауданының құрамына енді. Семізбұғы кенті Қарағанды қаласының қарамағына өтті.

1964 жылы Ульянов ауданы қайта құрылып, Қарағанды қалалық кеңесінен Семізбұғы кенті және Тельман ауданынан Ақбастау, Ақжар, Бабаев, Дмитриев, Калинин, Көкпекті, Кузнецкий, Пушкин, Ульянов, Үштөбе, Хорошев ауылдық кеңестері берілді.

1967 жылы Пролетар, Петров ауылдық кеңестері құрылды.

1970 жылы Ақбастау ауылдық кеңесі Тельман ауданына берілді.

1972 жылы Ульяновское ауылына қалалық кент мәртебесі берілді.

1973 жылы Суықсу, Ботақара ауылдық кеңестері, 1975 жылы Озёрный ауылдық кеңесі құрылды.

1977 жылы Қарақұдық ауылдық кеңесі құрылды. Семізбұғы кенті ауылға айналып, Озёрный ауылдық кеңесінің құрамына енді.

1997 жылы 23 мамырда таратылған Тельман ауданының аумағы еніп, Ульянов ауданы Бұқар жырау ауданы болып өзгертілді.[3]

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 748,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер бар болды, оның ішінде 259,3 мың га егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 153,8 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 95,0 мың га дәнді дақылдар, картоп – 2,7 мың га, көкөніс – 0,8 мың га.

  • 2006 жылы: 60,8 мың тонна дәндер; 43,7 мың тонна картоп; 17,3 мың тонна көкөніс дақылдары; 23,2 мың тонна ет (тірі салмақта); 59,6 мың тонна сүт; 64,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
  • 2007 жылғы 1 қаңтар: ірі қара мал саны 57,7 мың бас; қой мен ешкі – 45,2 мың бас; шошқа – 49,2 мың бас; жылқы – 12,2 мың бас; құс – 686,9 мың басты құрады.
  • Өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: көмір өндіру.

2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 2624,8 млн. теңгені құрады.

Әлеуметтік құрылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• 58 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 10769 оқушы; • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында 182 оқушы оқиды; • 36 кітапхана; • 13 клуб типті мекеме; • 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым; • 1 мұражай жұмыс істейді.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 17637 16616 38978 38892 44768 69617 60010 54003

Тұрғындары 57 175 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (62,27%), орыстар (24,94%), немістер (3,57%), украиндар (3,29%), татарлар (1,72%), беларустар (1,15%), басқа ұлт өкілдері (3,06%).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

67 елді мекен 5 ауылдық, 3 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[6]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақбел ауылдық округі 880 635 72,2 458 316 69 422 319 75,6
Ақөре ауылдық әкімдігі 519 337 64,9 269 195 72,5 250 142 56,8
Ақтөбе ауылдық округі 1203 806 67 615 423 68,8 588 383 65,1
Баймырза ауылдық округі 2212 1975 89,3 1103 1018 92,3 1109 957 86,3
Белағаш ауылдық округі 717 603 84,1 376 332 88,3 341 271 79,5
Ботақара ауылдық әкімдігі 890 898 100,9 443 449 101,4 447 449 100,4
Ботақара кенттік әкімдігі 5402 6497 120,3 2550 3230 126,7 2852 3267 114,6
Бұқар жырау ауылдық округі 606 392 64,7 322 212 65,8 284 180 63,4
Гагарин ауылдық округі 1149 887 77,2 570 443 77,7 579 444 76,7
Ғабиден Мұстафин кенттік әкімдігі 4078 3548 87 1968 1716 87,2 2110 1832 86,8
Доскей ауылдық округі 4348 4416 101,6 2078 2178 104,8 2270 2238 98,6
Жаңаөзен ауылдық округі 1786 1802 100,9 869 927 106,7 917 875 95,4
Жаңаталап ауылдық әкімдігі 1140 920 80,7 598 477 79,8 542 443 81,7
Керней ауылдық округі 2087 1471 70,5 1026 745 72,6 1061 726 68,4
Көкпекті ауылдық округі 4276 4336 101,4 2117 2181 103 2159 2155 99,8
Қаражар ауылдық округі 1961 1374 70,1 973 683 70,2 988 691 69,9
Қарақұдық ауылдық әкімдігі 861 666 77,4 435 350 80,5 426 316 74,2
Қушоқы кенттік әкімдігі 4308 3308 76,8 2109 1584 75,1 2199 1724 78,4
Қызылқайың ауылдық округі 1424 1154 81 724 614 84,8 700 540 77,1
Петров ауылдық округі 2452 2391 97,5 1233 1220 98,9 1219 1171 96,1
Ростов ауылдық округі 3042 2678 88 1496 1366 91,3 1546 1312 84,9
Самарқан ауылдық округі 1904 1519 79,8 986 792 80,3 918 727 79,2
Суықсу ауылдық әкімдігі 378 126 33,3 197 68 34,5 181 58 32
Тоғызқұдық ауылдық округі 1417 1374 97 696 707 101,6 721 667 92,5
Тұзды ауылдық округі 1084 1006 92,8 527 502 95,3 557 504 90,5
Үміткер ауылдық округі 1255 854 68 668 458 68,6 587 396 67,5
Үштөбе ауылдық округі 5691 5701 100,2 2882 2914 101,1 2809 2787 99,2
Центральный ауылдық округі 1849 1460 79 908 741 81,6 941 719 76,4
Шешенқара ауылдық округі 1091 869 79,7 554 449 81 537 420 78,2
ЖАЛПЫ САНЫ 60010 54003 90 29750 27290 91,7 30260 26713 88,3

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]