Мазмұнға өту

Бұлғын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Бұлғын (айрық) деген бетті қараңыз.
Бұлғын

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Сусарлар тұқымдасы
Тегі: Сусарлар
Түрі: M. zibellina
Екі-есімді атауы
Martes zibellina
(Линней, 1758)
Ареал
Ареал

Бұлғын (лат. Martes zibellina) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.


Дене тұрқы 40 – 55 см, құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4 – 1,6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі – бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет (наурызмаусымда және тамызқарашада) түлейді. Бұлғын маусым – тамызда шағылысып, 245 – 300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2 – 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-дай, дене тұрқы 11 – 12 см. 30 – 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3,5 айда тұрақты тістері қалыптасады. Бұлғын – терісі өте бағалы аң. Терісінен бас киім тігіледі.[2]

Бұлғын

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Abramov, A. & Wozencraft, C. (2008). Martes zibellina. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 21 наурыз 2009. Database entry includes a brief justification of why this species is of least concern
  2. Қазақ Энциклопедиясы II том