Мазмұнға өту

Бір адым ілгері, екі адым кейін

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Бір адым ілгері, екі адым кейін» (Партия дағдарысы) – В.И.Лениннің революцияшыл партияның ұйымдық принциптерін тұжырымдаған шығармасы.


Ленин бұл еңбегін РСДЖП екінші съезінің мәжіліс протоколдары мен қарарларын, партияның орталық органдарының документтерін зерттей отырып, 1904 жылы бірнеше айдың ішінде жазып бітірді. Сол жылы маусымда Женевада жарыққа шықты.[1] В.И.Ленин бұл кітабын ішінара қысқартулар мен қосымша ескертулер енгізіп, 1907 жылы «12 жыл ішінде» деген жинақта қайта бастырды.
В.И.Ленин РСДЖП 2-съезіндегі және съезден кейінгі күрестің бүкіл барысына толық талдау жасап, партияның большевиктер мен меньшевиктерге бөлінуінің саяси мәніне, большевизмнің ұйымдық негіздеріне тоқталды. РСДЖП-нің «Көпшілік» - революция қанаты екенін, ал «азшылық» - оппортунистік қанаты екенін дәлелдеді. Съезде партияның құрылып, уставтың қабылдануын «бір адам алға басқандық» деп, ал меньшевиктердің арандатушылық, жікшілдік әрекетте көшуі партияны дағдарысқа ұшыратқан «екі адым кейін шегінушілік» деп бағалады.

Меньшевиктер оппортунизмі ең алдымен ұйымдық мәселелерден көрінді.

  • Бірінішден, олар тұрлаусыз, тұлғасыз партия болуын жақтады.
  • Екіншіден, партияның жұмысшы табының ұйымдасқан отряды ретінде ролін бекерге шығаруға тырысып, үйірмешілікті қолдады.
  • Үшіншіден, партия тәртібіне, партия шешімдеріне бағынуға қарсы шықты.

В.И.Ленин бұл еңбегінде демократиялық централизм принципін меньшевиктердің «автономизміне» қарама-қарсы қойды. Демократиялық централизм негізінде құрылған партия ғана жұмысшы табының революция авангарды дәрежесінде бола алды. Централизм партияның барлық жергілікті ұйымдары және барлық партия мүшелері бағынатын беделді партия орталығы болуын талап етеді. Ал меньшевиктердің «автономизмі» тек жергілікті ұйымдардың құқығын ғана қорғайды, бұл партияны жоюға апарып соғады. Бірыңғай басшы орталық болмайынша, бірыңғай орган болмайынша, нағыз партия бірлігінің болуы да мүмкін емес.[2]

Меньшевиктердің ұйымдық мәселелердегі оппортунизмін сынай отырып, В.И.Ленин бұл еңбегінде большевиктік ұйымдық принциптерін тұжырымдады. Маркстік партия – жұмысшы табының бір бөлігі, оның алдыңғы, ұйымдасқан отряды. Революция теориямен, қоғамның және тап күресінің даму заңдары ілімімен қаруланған партия ғана жұмысшы табын басқара алады. Партия демократиялық централизм және қатаң тәртіп негізінде құрылады. Партия қатарының бірлігін сақтау - әр коммунистің бірінші кезектегі міндеті. Партия – пролетариаттың таптық ұйымның ең жоғары формасы, ол еңбекшілердің басқа да ұйымдарын басқаруға тиіс. Партия – алдыңғы қатарлы отрядтың, жұмысшы табының көпшілік бұқарасымен байланысының бейнесі. Партияның күші оның бұқарамен байланысында, таптың сенімінде жатыр. Партия халықтың жасампаз қызметін басқарып, оған ұйымдасқандық, жоспарлы ғылми негізделген сипат береді. Пролетариат партиясының айнымайтын қасиеті – партия тұрмысының нормасы мен басшылықтың коллективтік принципін бұлжытпай орындау, партия мүшелерінің белсенділігі мен ерктілігін, сын мен өзара сынды жан-жақты дамыт білу, - деп білді В.И.Ленин.

В.И.Лениннің меньшевиктерді аямай әшкерелеуі халықаралық оппортунизмнің бәріне де қатты соққы болып тиді. Сондықтан бұл кітапты меньшевиктер мен халықаралық жұмысшы қозғаласындағы оппортунистер сондайлық өшпенділікпен қарсы алды. Ал Ресейдің партия қызметкерлері мен алдыңғы қатарлы жұмысшыларының арасына кітап тез тарады. Өйткені В.И.Ленин империализм мен социалист революция дәуірінде жұмысшы қозғалысының міндеттерін шеше алатын пролетариат партиясын құрудың маркстік негізін жасап берді. Лениннің бұл еңбегі партия үшін жүргізілген күресте қуатты идеялық қару болды. Большевизмнің ұйымдық негіздері туралы Лениндік ілім – Ресей және дүние жүзі жұмысшы табының революция күресінің тарихи тәжірибесіне қорытынды жасаудың нәтижесі. Ұйымның лениндік принциптері партия үшін, кейіннен бүкіл дүние жүзілік коммунистік қозғалыс үшін де заңға айналды. «Бір адым ілгері, екі адым кейін» деген кітапта тұжырымдалған идеялар ленинизмнің ұйымдық негіздеріне қарсы шығып, Компартияның ролін төмендетуге немесе бекерге шығаруға тырысып отырған осы кездегі ревизионизмге қарсы күресте барлық елдердің коммунистерін қаруландырады..[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІІ том
  2. Ленин В.И., Бір адым ілгері, екі адым кейін, Шығ., 7-т.
  3. КОКП съездерінің, конференцияларының және Орталық Комитет пленумдарының қарарлары мен шешімдері, 1-бөл., А., 1955