Біртектілік және әртектілік
Біртектілік және әртектілік (ағылш. Homogeneity and heterogeneity, кейде Гомогенділік және гетерогенділік) — ғылым және статистика салаларында көбірек қолданылатын, негізінен заттың, немесе организмнің біркелкілігін (uniformity) сипаттайтын ұғымдар. Бір материал, немесе кескінді біртекті деп оның композициясы, немесе қасиетінің (яғни реңі, пішіні, көлемі, салмағы, биіктігі, таралуы, құрылымы, тілі, кірісі, кемшілігі, температурасы, радиоактивтілігі, архитектуралық дизайны, және тб.) біркелкілігін айтамыз; ал әртекті деп осы қасиеттердің кем дегенде бір, не бірнешеуінің анық біркелкі болмауын айтамыз.[1][2] Ұғымдар күрделіліктің барлық деңгейіне бірдей. Атомдардан бастап галактикаларға дейін өсімдіктер, жануарлар, адамдар және басқа тірі организмдердің барлығының ортақ немесе бірегей күрделілік жиынтығы бар. Демек, элемент кішірек масштабта гетерогенді болуымен салыстырғанда үлкенірек масштабта біртекті болуы мүмкін. Бұл тиімді орта жуықтауы ретінде белгілі.[3][4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Әртекті қоспалар, химияда бұл ұғым толық араласпаған қоспаға қаратылады, яғни мәлім элементтер мәжбүрлі біріктірілген болады, оларға мүмкіндік берілген кезде олар оңай ыдырап кетеді. Webster's Revised Unabridged Dictionary (1913 1828) (Part of this paragraph is public domain material copyright 1828 and 1913). Heterogeneity. The ARTFL Project, University of Chicago (September 2010).
- ↑ Webster's Revised Unabridged Dictionary (1913 1828) (Part of this paragraph is public domain material copyright 1828 and 1913). Heterogeneous. The ARTFL Project, University of Chicago (September 2010).
- ↑ Guéguen Yves Introduction to the physics of rocks — Princeton University Press. — P. 53–72 (Chapter 3). — ISBN 978-0-691-03452-2.Google Books preview download available
- ↑ Shadrivov, Ilya V.; Kozyrev, AB; Van Der Weide, DW; Kivshar, YS (2008-11-24). "Nonlinear magnetic metamaterials" (Introduction section. Free PDF download). Optics Express 16 (25): 20266–71. Bibcode 2008OExpr..1620266S. doi:10.1364/OE.16.020266. PMID 19065165. http://assets0.pubget.com/pdf/19065165.pdf. Retrieved 2009-11-26.[dead link]