Біржолақтық модуляция
Біржолақтық модуляция (Однополосная модуляция) — амплитудалық модуляция кезінде жиілік спектрінде тасымалдаушы жиіліктің тербелісін және бірбүйірлік жиіліктер спектрінің тербелісін жою немесе әлсірету немесе тек бірбүйірлік жиіліктер спектрінің тербелісін жою немесе өлсірету процесі. Әдеттегі амплитудалық модуляциямен салыстырганда, біржолақтық модуляцияда берілетін жиіліктер спектрі екі есе азаяды және радиотаратқыштың пайдалы қуатының біразы бүйірлік жиілік алабына енгізілген ақпаратты беруге жұмсалады. Соның арқасында қуат бойынша 8— 16 есе артатын балама ұтыс алынады. Теледидар, кәсіби және әуесқойлық радиобайланыстарында, сымдық байланыстарда қолданылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — электроника туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |