Мазмұнға өту

Бэно Максович Аксёнов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бэно Максович Аксёнов
Băno Axionov
Туған күні

2 сәуір 1946 (1946-04-02) (78 жас)

Туған жері

Минск БССР

Марапаттары

1991 жылы Молдова КСР-ның еңбек сіңірген әртісі атанған.

Бэно Максович Аксёнов (Băno Axionov 1946 жылы 2 сәуірде Минскіде дүниеге келген) – совет және молдаван актері, режиссер, театр ұстазы.

1991 жылы Молдова КСР-ның еңбек сіңірген әртісі атанған. Бэно Аксенов Кишиневтің №3, №5, №41, №4 мектептерінде оқыған. 1963-1966 жылдары 200 және 400 метрге тосқауылмен жүгіруде Молдава чемпионы болады. 1969 жылы Г. Музическ атындағы Кишинев өнер институтын бітіреді. 1969 жылдан бастап Тираспольский орыс драма театрында актерлік қызмет атқарады. 1973 жылы Мәскеуде М.О. Кнебель жетекшілігімен режиссерлік лабораторияда оқиды. 1973-2006 жылдар аралығында А.П. Чехов атындағы Кишинев орыс драма театрында актер және режиссерлік қызмет атқарады[1][2].

  1. WikipediA Beno Axionov
  2. MINISTERUL EDUCAŢIEI, CULTURII ŞI CERCETĂRII AL REPUBLICII MOLDOVA BIBLIOTECA NAŢIONALĂ A REPUBLICII MOLDOVA Calendar Naţional 2021 Băno AXIONOV Р.138 ISSN 1857-1549