Мазмұнға өту

Бунақ хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бунақ хан (Боняк, Маниак) – қыпшақ ханы. Тұғырылды қыпшақ еліне хан сайлаған Ескіл ханның ұлы. Ол туралы алғашқы дерек 1096 жылы кездеседі. Онда Боняктың Киевке шабуыл жасағаны туралы айтылған. 1097 және 1105 жылы Киев Русіне қайтадан шабуыл жасаған. 1107 жылы жеңіліске ұшырайды. Боняктың есімі соңғы рет 1167 жылғы жылнамада аталады.[1]

Ол туралы алғашқы дерек 1096 жылғы орыс жылнамаларында кездеседі. Онда Бунақтың Киевке шабуыл жасағаны туралы айтылған. Қанды жорықтарға шығар алдында қасиетті “Көк тәңірге”, “Көк бөріге” сиынатын. Хан тағына Тұғырыл сайланса, ханзада Бунақ оған әскербасы болды. Бунақ талай рет орыс князьдерінің шабуылына қарсы қол бастаған, 1091 жылы Тұғырыл Византияны қолдап печенегтерге қарсы соғысқан кезде, ерлігімен көзге түседі. Осы 1091 дылы орыс князьдерімен өштесіп жүріп, Переяславль түбінде тұтқиылдан кездескен қалың әскермен жанталаса ұзақ шайқасады. Бунақ батыр сонда ғана төтеп бере алмай шегінуге мәжбүр болған. Дегенмен қанша рет орыс князьдерімен қақтығысып, қарсы келіп жатса да аңғал қыпшақтар ешқашан опасыздыққа бармайтын. Бунақ та, Тұғырыл хан сияқты 1097 жылы грузин князі Давидпен одақтасып, тегі жағынан өзіне туысқан мадияр королі, діні христиан Каламанға қарсы шабады. Бұл қақтығыста да қол басы Бунақ Русль әскерін Сан өзенінің бойында тізе бүктіреді. Алайда, орыс княздері 1105 жылға дейін қыпшақтарға маза бермей, оларды қайткен күнде де жоюды өздеріне мақсат тұтады. Үздіксіз шабуылдап, ақыры 1103 жылы 4 сәуірде Сүтен деген жерде күшті соққы берген орыстар қыпшақ елін аяусыз тонайды. Осы оқиғадан соң ашу мен намысқа булыққан Бунақ батыр, 1103 жылы бүкіл қыпшақ жұртын жиып, жаз бойы Русь жерін қанға бөктірді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN