Болеро (Равель)
Морис Равельдің Болеросы (исп. Bolero) — алдымен балет көрінісін қою үшін жазылған оркестрге арналған шығарма. 1928 жылы жазылып, 1928 жылдың 22 қарашасында париждің «Гранд-Опера» операсында қойылды. Оркестрді дирижирлаған Вальтер Страрам. Александр Майкапар айтып кеткендей, «Болеро» ритмдік фигураларға гипноздық әсер еткендіктен үлкен жетістікке жетіп, танымал болды.
«Болероның» созылу уақыты 15 минут, бірақ, автордың айтуы бойынша кей кездері оркестрдің ойнауына байланысты 18 минут болуы мүмкін.
Оркестр
Ритм: кіші барабан 169 рет қайталайды (4056 соққылар), бұл екі размер d’ostinato Равельдің Boléro – сына бірқалыпты және өзгермейтін ритм сыйлайды.
Bolero — Оркестрге арналып жазылған Равельдің шығармасы, өнер туындысы:
• Ағаш: екі флейта, флейта-пикколо, екі гобой, гобой д’амур, ағылшынша рожок, кларнет-пикколо (in Es), екі кларнет (in B), бас-кларнет, екі фагот, контрафагот, үш саксофон (сопранино (in F), сопрано (in B) және тенор (in B));
• Мыстық: төрт валторна (in F), труба-пикколо (in D), үш труба (in C), үш тромбона, туба;
• Соққылы: литавралар, екі кішкентай барабан, түркиялық барабан, тарелкелер, гонг, челеста;
• Ішектік: скрипкалар, альттер, виолончельдер, контрабастар, арфалар.
Алғашқы қойылымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• 1928 жылдың 22 қарашасында Бронислава Нижинская Ида Рубинштейн үшін «Boléro» қойылымын қойды. (Ópera National de París).
• 1932 жылы Бронислава Нижинская өзі үшін «Опера Комик» театрында қойылымды қалпына келтірді.
• 1934/1935 жылдары Париж операсында Фокин Ида Рубинштейнге арнап Бенуа киімдерімен балет көрінісін қойды
• 1940 жылдың 25 маусымында Антон Долин (Robin Hood Dell, Филадельфия) «Boleró» қойды.
• 1941 жылдың 27 желтоқсанында Серж Лифарь (Opéra national de París) «Boleró» қойды.
• 1944 жылдың 20 мамырында Aurel Milloss (Ópera de Roma) «Boléro» қойды.
Морис Бежар «Ballet du XXe siècle» труппасында 1961 жылдың 10 қаңтарында өзінің «Boleró» Равель музыкасында көрсетті: Дөңгелек үстелдің үстінде, бишілердің ортасында сүйкімді Душка Сифниос би биледі.
Басқа қойылымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1987 жылы Равель музыкасына хореографиялық «Boléro» қойылымын José Granero в Ballet Nacional de España қойды.
2004 жылы музыкасына хореографиялық «Boléro» қойылымын Ратманский қойды.
«Бронислава Нижинскаяның балеті» 1990-шы жылдары Нина Юшкевич арқасында қайта қойылатын болды. дәл осы қалпына келтірілген жұмыстың бейне жазбасы арқылы Андрис Лиепа 2007 жылы қойылымды Кремль балеті артістеріне көшірді.
1984 жылдың 28 желтоқсанында Валентин Елизарьев Беларусь Республикасындағы Равель атындағы опера және балет театрында өзінің версиясын көрсетті.
Музыканы қолдану
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• 1982 жылы—Жан-Люк Годар атты режиссер «Болероны» өзінің қысқа «Письмо Фредди Бюашу» фильміне дыбыстық ритмдік қабат ретінде қолданды. Фильмде Годар өзі бұл музыканы пластинка арқылы қосады.
• 1984 жылдың 14 қазанында Сараеводағы (Югославия) қысқы Олимпиадада британия фигурашылары Джейн Торвилл және Кристофер Дин мұз айдынында «Болеро» өлеңіне өздерінің бағдарламасын көрсетті, осы әкен арқасында олар жеңіске жетіп, алтын медальдардың иегерлері атанды.
• 1990 жылы — Збигнев Рыбчинскийдің «Оркестр» фильмінің соңғы бөліміне Равельдің «Болеро» әуені қойылды.
• 1992 жылы —Иван Максимов атты ресей режиссеры өзінің «Болеро» атты анимациялық фильмінде әуенді бітпейтін қозғалыстар арқылы иллюстрациялады.
• 1994 жылы — Юрий Кара режиссері «Болероны» «Мастер мен Маргарита» кинороманда Воланда балының негізігі тақырыбы ретінде қолданды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• ↑ «Bolero» - Sylvie Guillem. Тексерілген 17 сәуір 2011.
• ↑ Светлана Наборщикова Шик и шарм // «Известия». — № 15 ақпан 2011.