Болбыр
Көрініс
Болбыр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Hydrilla verticillata (L.f.) Royle |
Болбыр (лат. Hydrilla) – сукөріктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені мен Зайсан көлінде, ағысы баяу су бетінде қалқып немесе судың орта деңгейіне дейін батып өседі. Шоқ Болбыры (ағылш. Hydrіlla vertіcіllata) деген 1 түрі бар. [1]
- Биіктігі 50 – 100 см, сабағы ұзын, су бетінде қалқып тұрады.
- Қосалқы тамырлары арқылы су түбіне бекінеді.
- Жапырақтары майда, сағақсыз, таспа пішінді, ұзындығы 2 см-дей.
- Сабаққа кезектесіп не қарама-қарсы 3 – 5-тен топталып орналасады.
- Гүлдері реңсіз, дара жынысты, бір үйлі.
- Аталық гүлінде 3 тостағанша және 3 күлте жапырақшалары болады.
- Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі бұршаққынға ұқсайды.
- Болбырмен суда тіршілік ететін жәндіктер мен балықтар қоректенеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |