Мазмұнға өту

Бозтікен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бозтікен
Acanthophyllum mucronatum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
(unranked) Eudicots
(unranked) Core eudicots
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Caryophyllaceae
Кіші тұқымдасы: Caryophylloideae
Тайпасы: Caryophylleae
Тегі: Acanthophyllum
(Pilát) G.Cunn. (1963)
Үлгілік түрі
Acanthophysium apricans
(Bourdot) G.Cunn. (1963)

Бозтікен (Acanthophyllum) – қалампырлар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта не шөптесін өсімдіктер туысы. Азияның аридтік аймақтарында өсетін 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда 6 түрі Торғай қолатында, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Қызылқұмда, Зайсан, Балқаш–Алакөл ойыстарында, Арал маңында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Шу-Іле тауында, Қаратау мен Маңғыстау өңірлеріндегі далалы жерлерде, тау бөктерінде өседі. Биіктігі 15 – 35 см, кейде 100 см-дей болады. Сабағы бұтақты, шоғырланып топтана өседі. Жапырақтары тікенді, сабақта қарама-қарсы орналасады. Сыпыртқы гүлшоғыры бұтақ басына шоқтанған, гүлі қос жынысты, қызғылт не ақ түсті келеді. Мамыр – маусымда гүлдейді. Бозтікеннің кейбір түрлерінің (аққаңбақты, шашақты Бозтікендер) тамырында 30%-ға дейін сапонин болады. Суға салып езгенде тамыры сабын сияқты көпіреді, сондықтан оны «сабын тамыр» деп те атайды. Бозтікен – тамақ, тоқыма, тері өңдеу, кондитер, парфюмерия өндірістерінде қолданылады. Ветеринарияда сапонин вакцинасынан қойдың сарып ауруына қарсы қолданылатын дәрі даярланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”