Биялай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Биялай

  1. [1] құсбегілер қыран құсты қолына қондырарда киетін теріден тігілген қолғап. Биялайды алғашында барлық саусақ бірге болатындай етіп тұйықтап тігіп, бертін келе ыңғайлы болу үшін бас бармақтың, сұқ саусақтың, ал ұсақ құстарға арнап жұқалау былғарыдан барлық саусақтар ұясын бөлек тіккен. Бүркіт биялайының ішіне талдырған киізден немесе арасына мақта, жүн тығылған матадан астар салынады да, тысын жұмсақ иленген теріден түгін ішіне қаратып тігеді. Биялайдың білезігін жеңді білек еркін сиып кететіндей етіп жасап, іліп қоюға қолайлы болуы үшін қайыстан бау немесе жез шығыршық тағады. Бүркітпен аң аулауға шыққанда, ат үстінде қары талмау үшін құс қондырған биялайлы қолды балдаққа сүйеп отырады;
  2. [1] былғарыдан тігілген, жүннен тоқылған қолғаптарды да кей өңірлерде Биялай деп атайды. Бұрынғы кезде көбіне бес саусақты қолғапты Биялай деген.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том