Бипан
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Parrya | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Parrya nudicaulis
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
80 түрі белгілі |
Бипан , паррия (Parrya) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Олар таулы аймақтардың биік беткейлерінде өседі. Жапырақтары бүтін жиекті немесе қауырсын тілімді. Тостағанша жапырақтары шашыраңқы. Күлтесі ірі, ұзын, күлгін көк, қызғылт не ақ түсті. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша бұршаққынша. Тұқымдары әрбір ұяда екі қатарда, сирек бір қатарда орналасады. Олар жалпақ, қанатты, араларында қанатсыздары да болады. Бипанның 4 түрі эндемик түр болып саналады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |