Мазмұнға өту

Бидайбас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Бидайбас.

Бидайбас (Crucіanella) – риандар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда таудың тасты, тастақты беткейлерінде, құмдарда өсетін 3 түрі (бұдыр бидайбас, Бұқар бидайбасы, жіпжапырақты бидайбас) бар. Олардың сабақтары жіңішке, төрт қырлы. Жапырақтары ұзынша, тықыр. Гүлдері қос жынысты, дара немесе екеуден жетіледі. Масақ гүлшоғырына топталған. Аталығы 4 – 5, аналық мойны екі бөлікті. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Жемісі – құрғақ, қос жаңғақша.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы