Бен-Невис
Бен-Невис | |
ағылш. Ben Nevis | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Биіктігі |
1344 м |
Орналасуы | |
56°47′48″ с. е. 05°00′11″ б. б. / 56.79667° с. е. 5.00306° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 56°47′48″ с. е. 05°00′11″ б. б. / 56.79667° с. е. 5.00306° б. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Ұлыбритания |
| |
Ортаққордағы санаты |
Бен-Невис (ағыл. Ben Nevis, шотл. Beinn Nibheis) — Грампиандық таулардағы тау (Хайленд облысы, Шотландия). Британ аралдарының ең биік нүктесі. Жергілікті тұрғындар тауды қысқарта - Бен деп атайды.
Атауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бен-Невис атауы шотландық тілден «Beinn Nibheis» дегеннен шықты. Кельттік тілден «Beinn» сөзінің аудармасы «тау» дегенді білдіреді, «Nibheis» сөзі жиі «ашулы» деп аударылады. Басқа нұсқада, таудың атауы «beinn nèamh-bhathais» дегеннен шығады, бұл сөзбе-сөз «бұлттармен жасырынған тау, шың» (кейде жай «аспан тауы») дегенді білдіреді.
Климат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бен-Невис тауының маңындағы климат өте қатал: жылына 355 күн бұлтты, оның ішінде 260 күн Бен-Невис тауына қатты дауылдар болады және жылына 4 350 мм жауын-шашын жауады, бұл жақын орналасқан Форт-Уильям қаласына қарағанда 2 есе, Эдинбург немесе Лондонға қарағанда 7 есе көп.
Алайда, жақсы ауа-райы болған кезде, Бен-Невис шыңынан 200 шақырымға дейінгі әдемі көрініс ашылады: Бен-Ломонд, Бен-Лоуерс, Карн-Эйг, Лиатах, Лохнагар, Морвен және Сгурр-на-Кайх Кернгорм тауының шыңдары, Арран мен Джура аралдары көрінеді.