Мазмұнға өту

Баят

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Баят - оғыздар құрамында болған тайпа. XII ғасырдағы мағлұматтар Баят тайпасын қаңлылар құрамына, екінші бір мәлімет қимақтар құрамына енгізеді. Рашид әд-Диннің айтуынша, Баят XIV ғ-да оғыздардың құрамына кірген. Ергенеқонды қоныстанған және Шыңғыс ханға қосылған алғашқы тайпалардың бірі болған. ӘбілғазыныңТүрік шежіресінде” (16 ғ.) Оғыз хан немерелерінің қатарында Баяттың да аты аталады және оның таңбасы (Q) келтіріледі. Баят - “бай” деген мағынаны білдіреді. Баят тайпасының негізгі құрамы баяут, гоклен тайпасы деген атпен түрікмендердің құрамына қосылды. Ежелгі баяттардың ұрпағы XIX ғ-да осы атпен қазақ халқының құрамындағы қызылқұрт руына (Кіші жүз) бірікті деген болжам бар.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы