Мазмұнға өту

Барий гидрототығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Барий гидрототығы - күрделі бейорганикалық қосылыс, күшті сілті. Химиялық формуласы - Ba(OH)2.

Физикалық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түссіз кристалдық зат, 78°С температурасында өзінің кристаллогидраттық суында балқиды. Оның судағы ерітіндісі - күшті сілті. Барий гидрототығы жоғары температурада сусызданады. Сусызданған Барий гидрототығы - ромбалық кристалдардан тұратын ақ масса, оның тығыздығы 2,18 г/сm³, балқу температурасы - 780°С, бұдан жоғары температурада Барий тотығына (ВаО) айналады. Барий гидрототығын барий тотығын сөндіру арқылы немесе BaCl2 мен NаОН ерітінділерін қайнағанша қыздырып алуға болады [1].

1. Барий металының сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

2. Барий тотығының сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

3. Барий сульфидінің ыстық сумен әрекеттенудің нәтижесінде:

Химиялық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Бейтараптану реакциясы (қышқылдармен әрекеттескенде - су мен тұздың түзелуі):

2. Қышқыл тотықтарымен әрекеттенудің нәтижесінде су мен тұздың түзелеуі:

SO42− және CO32− (сульфат- және карбонат-иондарын) айқындау үшін қолданылатын реактив. Өнеркәсіпте: SO42− (сульфат-иондардан) өндірілген затты тазалау үшін, сірнеден қантты айыру үшін қолданылады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том