Бала құқықтары туралы конвенция
Бала құқықтары туралы конвенция — адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт. Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей маңызды және оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.
Бала құқығын қорғау Конвенциясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бала құқығын қорғау Конвенциясы - 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Конвенцияның 54 бабында өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы өмірінің тыныштығын сақтау, пікірін еркін білдіру көрсетілген.
Қазақстан осы заңнамаға сәйкес 2002 жылы 8 тамызда "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңы қабылдады.
Балалардың құқықтарын қорғау туралы ережелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- өмір сүруге, есімінің болуына, азаматтыққа және т.б. ие болу құқықтары;
- аман-сау отбасылық өмір құқығы;
- сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық;
- денсаулығын сақтау нығайту құқығы;
- білім алу мен мәдени даму құқығы;
- төтенше жағдайларда сәбиді қорғау құқықтары.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|