Мазмұнға өту

Байт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бит және байт бастауыштары
Ондық
Шамасы SI
10001 k кило-
10002 M мега-
10003 G гига-
10004 T тера-
10005 P пета-
10006 E екса-
10007 Z зетта-
10008 Y йотта-
Екілік
Шамасы IEC JEDEC
10241 Ki киби- K кило-
10242 Mi меби- M мега-
10243 Gi гиби- G гига-
10244 Ti теби-
10245 Pi пеби-
10246 Ei ексби-
10247 Zi зеби-
10248 Yi йоби-

Байт (Б) (ағылш. Byte, B) — дерек көлемін өлшеу бірлігі. Сегіз биттен тұратын топ.

1)Байт (ағылшынша byte) — ЭЕМ-дегі символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік сан тізбегінен тұратын, адрестелетін мәліметтерді өлшеуге арналған ең кіші бірлік. Компьютер жадының бір ұясында бір Байт мәлімет сақталады. Бір Байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен, яғни екілік сан таңбаларынан тұрады. Мысалы, компьютерде “Е” әрпі 10000101, кіші “е” әрпі 10100101, “/” таңбасы 00101111, “8” саны 00111000 түрінде өңделеді. Бір Байт тек бір символды бейнелейтін ақпарат өлшеу бірлігі болғандықтан, оның көмегімен 256 символды (28=256) өрнектеуге болады. Компьютер жадының көлемі осы Байт бірлігімен өлшенеді. Ол үшін Байт бірлігінің еселік түрлері: килобайт — Кб (1 Кб=1024 Б=210Б.), мегабайт — Мб (210 Кб), гигабайт — Гб (210Мб) қолданылады. Мысалы, ЭЕМ-нің шапшаң жадының көлемі 32 Мб болса, онда 32Һ210 Байт (символ) ақпарат сақталынады. Ал, ЭЕМ-нің сыртқы жадында (магниттік дискілерінде) 1—8 Гб және одан да көп ақпарат сақтауға болады. Мысалы, 400 беті бар, әр бетінде 50 қатар, ал әр қатарда 50 таңба болатын кітаптың көлемін Байт арқылы есептесек, онда 400Һ50Һ50 = 1000000 Байт = 1 Мб (яғни көлемі 1 Гб дискі 1000 кітапты есте сақтай алады). Қатар орналасқан төрт Байт бір машиналық сөз болып есептеледі, ол 32 биттен тұрады. 64 биттен немесе 8 Байттан тұратын мәліметтер бірлігі екі еселенген машиналық сөз деп аталады. Компьютер осы машиналық сөздер тізбегін өңдейді.[1]
2)Байт (Byte) — 1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттың нысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.

  • Бақылайтын байт (Контрольный байт; check byte) — тексеру мақсатында пайдаланылатын байт, мысалы, мәліметтердің сақталғандығын немесе дұрыстығын тексеретін байт.

Байт бойынша мультиплекстеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байт бойынша мультиплекстеу (Побайтовое мультиплексирование; byte multiplexing) — бір байтты жеткізу үшін арнаға мезгіл-мезгіл уақыт бөлетін уақытша мультиплекстеу.

Байт-мультиплекстік арна

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байт-мультиплекстік арна (Байт-мультиплексный канал; byte-multi- plexer channel) — жылдамдықтары аз бірнеше енгізу-шығару құрылғыларының бір мезгілде істейтін жұмысын жасақ¬тайтын және өрқайсысында енгізу-шығару операциялары орындалатын бірнеше ішкі арналары бар енгізу-шығару арнасының типі. Әрбір ішкі арна тек қана жеке ақпарат-байт бірлігін жеткізуге арналған арна жабдықтарын пайдаланады.

Байттық команда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байттық команда (Байтовая команда; byte instruction) — 1) байтпен операция орындайтын команда; 2) бір байтқа тең команда.

Байттық құрылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байттық құрылым (Байтовая структура; byte structure) — ақпаратты өңдеу мен жеткізу байт бойынша жүргізілетін компьютердің немесе құрылғының құрылымы.

Байттық операнд

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байттық операнд (Байтовый операнд; byte-oriented operand) — бір байтқа дейінгі дәлдікпен адрестелетін операнд. 

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]