Байзақ ауданы
Қазақстан ауданы | |
Байзақ ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
18 |
Ауыл саны |
43 |
Әкімі |
Олжас Елебекұлы Баққараев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, №107 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°25′48″ с. е. 71°39′36″ ш. б. / 43.43000° с. е. 71.66000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°25′48″ с. е. 71°39′36″ ш. б. / 43.43000° с. е. 71.66000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
4,5 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
105 654[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (84,91%) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
726 37 |
Автомобиль коды |
08 |
Байзақ ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1938 ж. құрылған. 1995 жылға дейін Свердлов ауданы болып аталды. Жерінің аумағы 4,5 мың км². Тұрғыны 105 654 адам (2023). Орталығы – Сарыкемер ауылы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанның оңтүстік өңірін игеру біздің заманымыздың VI – VII ғасырлардан басталғаны белгілі. XIX ғасырдың 80-жылдары бұл өңірде орыс шаруалары келе бастаған. Олар сол кезде Михайловка, Шаповаловка, Ровное, Ново-Ивановка селоларға қоныс тепкен. 1930-1931 жылдары жаппай жүргізілген ұйымдастыру науқаны кезінде мал шаруашылығын кәсіп қылған көшпелі жерлестер отырықшылық өмірге еріксіз көндірілген.
Отызыншы жылдардың бас кезінде жүргізілген сол ұжымдастырудың нәтижесінде аудан бойынша кішігірім 42 ұжымшар ұйымдастырылған. Содан 20 жыл өткеннен кейін 1950 жылы, олар 13 шаруашылыққа біріктіріліп, іріленген, көп салалы ауыл шаруашылығы өндірісіне айналған.
1938 жылдың 4 ақпаныңда Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің №89 қаулысымен құрылған, сол кездегі саясаттын ауанымен Компартия көсемінің үзеңгілес серігі Я.Свердлов есімі берілген жаңа аудандағы 42 ұсақ ұжымшар, 1 кеңшар, 2 МТС-тің айналысар басты саласы ауыл шаруашылығы болған еді. Мирзоян (қазіргі Жамбыл) ауданынан бөлініп шыққан елді мекендерді 17 ауылдық Кеңеске қарады.
1991 жылдан бері Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел болып, нарықтық қатынастарға көше бастағанда ауданда жекешелендіру процесі кең өріс алды. Сондықтан ауданның саяси және шаруашылық құрылымдары түбегейлі өзгерістерге ұшырады: аудандық партия комитеті, бастауыш партия ұйымдары мен ауылдық Кеңестер өздерінің қызметін тоқтатты. Бұрынғы колхоздар мен совхоздар таратылып, солардың негізінде жеке шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрыла бастады. 13 ауылдық Кеңестердің қамтуында болып келген елді мекендер аумақтық 10 округке топтастырылды, аудан мен ауыл аттары өзгертілді. Барлық билік тізгіні аудан мен ауыл әкімдеріне берілді.
Қоқан хандығының тепкісінен азат ету жолында қаза тапқан Байзақ батырдың есімі берілді. Содан бері Байзақ ауданы болып атанып келеді. Елбасының осы жөніңдегі Жарлығы 1995 жылдың 20 желтоқсаныңда шықты. Ал, 1998 жылы Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылы болды.[3]
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, шығысында Тұрар Рысқұлов ауданымен, батысында Талас, Жамбыл аудандарымен, оңтүстік-батысында Тараз қаласымен шектеседі.
Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, тек оңтүстігінде ғана Қырғыз Алатауының тау алды аласа қыраттары мен қырқалары орналасқан. Ауданның ең биік жері оңтүстігінде (1637 м). Солтүстігінде Мойынқұмның қырқалы-ұялы және шағылды құмды алқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр. Жер қойнауынан фосфорит кені, құрылыс материалдары барланған. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң, солтүстігі (Мойынқұм) аңызақты.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауаның орташа температурасы қаңтарда –6 – 9С, шілдеде 23 – 26С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150 – 300 мм. Аудан аумағынан Талас, Көделі өзендері және олардың салалары мен тармақтары оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады. Жерінің топырағы негізінен сұр, солтүстігінде құмды, оңтүстігінде (тау алды) бозғылт қоңыр топырақты. Оларда жусан, еркекшөп, көкпек, бұйырғын, күйреуік, жыңғыл, сексеуіл, өзен бойында қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, сарышұнақ, аламан тышқаны, құстардан дуадақ, құр, көкқұтан, қырғауылды кездеседі. Өзендерінде сазан, алабұға, шортан, шабақтың бірнеше түрі кездеседі.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
24570 | ▲31768 | ▲51840 | ▲59319 | ▲62220 | ▲68719 | ▲83931 | ▲102864 |
Аудандағы халықтың негізін қазақтар құрайды (83,1%). Одан басқа 30-дай ұлт өкілдері тұрады. Байзақ ауданы облыстағы халықтың тығыз орналасқан аудандарының бірі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 15,5 адамнан келеді. Бұл ауданнан елге белгілі көптеген атақты адамдар шыққан. Олардың қатарында, айтыскер ақын, "Асыл арна" арнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков, айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиев, ақын, журналист Назира Бердалы, журналист Әйгерім Шәймерден, композитор Есжан Әміров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов бар.
Ауыл аты | Халық саны (2021) |
---|---|
Сарыкемер | ▲32043 |
Бурыл | ▲7532 |
Түймекент | ▲7405 |
Қызыл Жұлдыз | ▲6300 |
Байзақ | ▲5850 |
Құмжота | ▲4334 |
Талас | ▲3849 |
Кеңес | ▼2180 |
Мәдімар | ▼1997 |
Жетібай | ▼1756 |
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудандағы 43 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Бәйтерек ауылдық округі | 957 | ▲2050 | 214,2 | 460 | ▲1004 | 218,3 | 497 | ▲1046 | 210,5 |
Ботамойнақ ауылдық округі | 4579 | ▲6574 | 143,6 | 2306 | ▲3329 | 144,4 | 2273 | ▲3245 | 142,8 |
Бурыл ауылдық округі | 10292 | ▲11866 | 115,3 | 5086 | ▲5995 | 117,9 | 5206 | ▲5871 | 112,8 |
Диқан ауылдық округі | 2841 | ▲3045 | 107,2 | 1403 | ▲1525 | 108,7 | 1438 | ▲1520 | 105,7 |
Жалғызтөбе ауылдық округі | 2810 | ▲2851 | 101,5 | 1432 | ▲1477 | 103,1 | 1378 | ▼1374 | 99,7 |
Жаңатұрмыс ауылдық округі | 3653 | ▼3543 | 97 | 1839 | ▼1800 | 97,9 | 1814 | ▼1743 | 96,1 |
Көктал ауылдық округі | 2520 | ▲3495 | 138,7 | 1236 | ▲1755 | 142 | 1284 | ▲1740 | 135,5 |
Көптерек ауылдық округі | 2276 | ▼2180 | 95,8 | 1156 | ▼1138 | 98,4 | 1120 | ▼1042 | 93 |
Қостөбе ауылдық округі | 5621 | ▲6412 | 114,1 | 2804 | ▲3198 | 114,1 | 2817 | ▲3214 | 114,1 |
Қызылжұлдыз ауылдық округі | 5070 | ▲6300 | 124,3 | 2538 | ▲3155 | 124,3 | 2532 | ▲3145 | 124,2 |
Мырзатай ауылдық округі | 3228 | ▲3440 | 106,6 | 1615 | ▲1728 | 107 | 1613 | ▲1712 | 106,1 |
Сазтерек ауылдық округі | 1502 | ▲1785 | 118,8 | 740 | ▲924 | 124,9 | 762 | ▲861 | 113 |
Сарыкемер ауылдық округі | 24314 | ▲32043 | 131,8 | 11967 | ▲16291 | 136,1 | 12347 | ▲15752 | 127,6 |
Суханбаев ауылдық округі | 2064 | ▲2434 | 117,9 | 1040 | ▲1231 | 118,4 | 1024 | ▲1203 | 117,5 |
Темірбек ауылдық округі | 2113 | ▼1690 | 80 | 1105 | ▼882 | 79,8 | 1008 | ▼808 | 80,2 |
Түймекент ауылдық округі | 6293 | ▲8395 | 133,4 | 3214 | ▲4296 | 133,7 | 3079 | ▲4099 | 133,1 |
Үлгілі ауылдық округі | 1783 | ▲2764 | 155 | 897 | ▲1381 | 154 | 886 | ▲1383 | 156,1 |
Ынтымақ ауылдық округі | 2015 | ▼1997 | 99,1 | 1039 | ▼1005 | 96,7 | 976 | ▲992 | 101,6 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 83931 | ▲102864 | 122,6 | 41877 | ▲52114 | 124,4 | 42054 | ▲50750 | 120,7 |
Ауыл шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 411,2 мың га (2001), оның ішінде жыртылған жері 63,8 мың га. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің жалпы аумағы 332,6 мың га, оның 69,5 мың га-сы шаруа қожалықтарына берілген. Жан басына шаққанда 1 адамға 5,9 га жерден келеді. Аудан аумағындағы шабындықтың аум. 6,6 мың га, жайылымы 339,3 мың га. Ауыл шаруашылығындағы бүкіл жыртылған жердің (63,8 мың га), басым көпшілігіне (54,2%) бидай егілген. Жүгері 1,3 мың га жерді қамтыған. Көкөністер (3,1 мың га) мен майлы дақылдар (1,8 мың га) бүкіл егістіктің 10,7%-ын құрайды. Ауданда одан басқа қант қызылшасы (1124 га), картоп (400 га), жүзімдік (150 га) және жеміс ағаштары (166 га) отырғызылған (2001).
Аудан бойынша барлық шаруашылық категорияларын қоса есептегенде 2001 ж 26,9 мың тонна астық алынған. Басқа ауыл шаруашылық дақылдарының көрсеткіші төмендегідей: қант қызылшасынан 12,8 мың тонна, көкөністерден 47,6 мың тонна, 0,7 мың тонна майлы дақылдар, 3,4 мың тонна ет, 26,6 мың тонна сүт, жүн 281 тонна, жұмыртқа 18,7 млн. дана. А. ш. өнімдерінің көлемі 2,789 млн. теңге, оның ішінде: өсімдік ш-нда 1,724 млн. теңге, мал ш-нда 1064,3 млн. теңге. Ауданда 2001 ж. ірі қара мал саны 18499 бас болды, оның ішінде сиырлардың жалпы саны 10532 бас. Одан басқа 120,6 мың қой мен ешкі, 7,4 мың жылқы, 1,8 мың шошқа, 510 түйе және 205,3 мың құс болды.
Өнеркәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Байзақ ауданы қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, етті-сүтті мал, көкөніс, бақша, құс, жылқы өсіруге және омарта шаруашылығына маманданып келген. Бұрынғы 9 ұжымшар, 4 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, 2 құс фабрикасы, 1997 жылдан әр түрлі саладағы шаруашылық субъектілеріне біріктірілген. Ауыл шаруашылықтың әр түрлі салаларында 1711 шаруашылық нысаны бар. Оның ішінде ӨК – 8, ЖШС-тер – 17, шаруа қожалықтары – 1686. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны – 4, жол-құрылыс кәсіпорны – 1, көліктік кәсіпорындар – 3, коммуналдық шаруашылық кәсіпорны – 2, сауда және тұтыну кәсіпорындары – 1, әкімшілік-басқару органы және мекемелер саны – 26. Одан басқа банк, байланыс кәсіпорны, пошта, автоматтық телефон станциялары (14), отын-энергетика кәсіпорындары (2) мен газ шаруашылықтары (2) т.б. бар. Шағын, жеке кәсіпорындар (229), базар, жанармай құю станциялары (32), және 3 мыңға жуық автокөлік тіркелген (2001).
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлеуметтік және мәдени-ағарту саласында Байзақ ауданында жалпы білім беретін 43 мектеп, 3 балабақша, 16 мәдениет үйлері мен клубтар, 20 кітапхана, стадион, 2 аурухана, емхана, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және 21 фельдшерлік пункттер халыққа қызмет істейді. Қоғамдық ұйымдардан: түрік мәдениет орталығы, корей мәдениет орталығы, әлеуметтік қорғау саласында «Парасат» қайырымдылық қоры, облыстың «Қызыл крест» ұйымының бөлімшесі жұмыс істейді. Аудан аумағында 17 мешіт, 100-ден астам сәулеттік, археологиялық-тарихи ескерткіштер орналасқан.
Ауданда жол торабы жақсы дамыған. Жолдардың жалпы ұзындығы 636 км, оның ішінде қатты жабындымен (асфальтты) 334 км жол төселген, қиыршық тасты жолдың ұзындығы 114 км. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан Таразға қаласына дейінгі қашықтық 12,5 км-ді құрайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Аудан тарихы Мұрағатталған 16 қазанның 2010 жылы.
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Байзақ аудан әкімінің ресми сайты Мұрағатталған 14 қазанның 2010 жылы.
|
|
|