Бадана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бадана (лат. bulbus), пиязшық, жуашық – өсімдіктің топырақ астындағы өркені. Лалагүл және амариллис тұқымдастары сияқты дара жарнақты өсімдіктер де болады. Бадананың пішіні әр түрлі келеді, оның дамып жетілмеген ішкі сабағында (түбіршегінде) бір немесе бірнеше вегетативті (өсу) және генеративті (гүл) бүршіктері болады. Жапырақтары түссіз, қабаттасқан сыртқы қабығы құрғап, қатайып қабыршаққа айналған. Бұл қабық ішкі шырынды қабыршақтарды кебуден және зақымданудан қорғайды. Бадананың жапыраққа ұласар тұсы – жалған сабақ немесе мойынша деп аталады. Ол піскен кезде солып, қурап қалады. Бадананың түбіршегінен тамыр сабақ өседі де, кішкене бүршік шығарып, тамырланады. Бадана кейбір өсімдіктердің гүлшоғырларында (пиязда, астық тұқымдастарында) немесе жер бетіндегі өркеніндегі жапырақ қойнауында (тісшөпте, лалагүлділерде) орналасады. Бадана бір немесе бірнеше жылда (жауқазында, нәркесте) жетіледі. Өсімдіктердің Баданасында су және басқа да қоректік заттар жиналады. Бадана арқылы олар көбейеді.[1]

Көкөніс 6 айдан асса, кейде собықты деп те аталынады. Ол консервілеу және кулинарияда пайдалану үшін өсіріледі. Тағам ретінде пайдаланылатын көкөніс баданасы піспей тұрып — собықтану сатысында жиналады. Бұл кезде олар әлжуаз (собығы иілген кезде тез сынады), ірі талшықсыз әрі пергаментті қабықсыз келеді. Дәні онша жетілмейді, көлемі бидай дәніндей ғана болады. Бадана собығының құрамында белок, крахмал, қант, 20 мг процент С витамині бар. Бадананың бұршақ собықты сорты құрылымы мен сапасы жағынан көкөністік, жартылай көкөністік және аршымалы болып бөлінеді. Көкөністік бадана сорттарының (мысалы, Юбилейная 287, талшықсыз Сакса 615, Триумф сахарный 764) бұршақ-собықтарында пергаментті қабық пен ірі талшықтар болмайды. Жартылай көкөністік бадана сорттары (мысалы, Шедрая) ірі талшықты келеді. Тамақ үшін жас бұршақ-собықтары пайдаланылады. Аршымалы бадана сорттарының (мысалы, Грибовская) бұршағы қатты, етсіз, талшықтары көп болады. Піскен кезде бүршақтары жарылып кетеді. Бадана собықтарының өсіп-жетілуіне қарай маусым айының аяғынан тамыз айына дейін жиналады. Әдетте бадана бір тәуліктен артық сақталмайды (өйткені собықтары тез пісіп, қатайып және кеуіл кетеді). Төменгі температурада (0оС шамасындай) және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында (90% шамасындай) 5—7 тәулікке дейін сақталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

\