Мазмұнға өту

Ақ сексеуіл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ақ сексеуіл (Haloxylon persіcum) – алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете береді. Діңінің жуандығы 20 – 60 см, дің қабығы ақшыл сұрғылт түсті, жылдан-жылға қарая береді. Гүлі төрт-төрттен қабыршақты гүл жапырағы қолтығынан жетіледі. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жеміс береді. Жемісі – қанатты жаңғақша. Ақ сексеуілдің сүрегі тығыз, қатты, арамен кесілмейді. Ағаштың жылдық сақинасы болмайды. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Ақ сексеуіл Маңғыстау облысының Қызыл кітабына енгізілген.[1][2][3]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.
  3. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;