Аққаңбақ
Аққаңбақ | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Gypsophila repens
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Species | ||||||||||||
About 100 species; see text: |
Аққаңбақ [1](Gуpsophіla) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Еуразияның қоңыржай белдеулерінде, Африкада (Египетте), Австралия мен Жаңа Зеландия(қолжетпейтін сілтеме) (бір-бір түрден) таралған.[2] Қазақстанның барлық аймақтарында 20 түрі өседі. Әсіресе ең көп тараған түрі – шашақбас Аққаңбақ (G. panіculata). Ол шалғынды, құмды далаларда, өзен бойларында, сортаң жерлерде өседі. Биіктігі 20 – 100 см. Тамыры жуан. Тік бұтақталған дара, кейде бірнеше сабағы түзу болып келеді. Ұсақ ақ, шоғырланған гүлдері сыпыртқы тәрізденіп бытыраңқы орналасады. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Егістік орнына өскен Аққаңбақтан 1 га жерінен 40 – 50 ц шөп алынады. Аққаңбақтың тамырында ветеринария мен медицинада пайдаланылатын сапонин алкалоиды (30%-ға жуық) бар. Тамыр ұнтағы жүн жуу, сабын, шампунь өндіру өнеркәсібінде қолданылады. Шөбінің тұнбасы бауыр ауруын емдеуге пайдаланылады. Пішенін түйе мен қой сүйсініп жейді. Аққаңбақты әсемдік үшін қолдан да өсіреді.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- ↑ «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |