Мазмұнға өту

Ақсай (Бөрлі ауданы)

Координаттар: 51°10′01″N 53°00′55″E / 51.16694°N 53.01528°E / 51.16694; 53.01528
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Ақсай
Елтаңбасы
Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

аудан орталығы

Облысы

Батыс Қазақстан

Ауданы

Бөрлі ауданы

Әкімі

Нұрлан Ноғаев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°10′01″N 53°00′55″E / 51.16694°N 53.01528°E / 51.16694; 53.01528

Құрылған уақыты

1936

Бұрынғы атаулары

"Қазақстан" кенті

Қала статусы

1967

Уақыт белдеуі

UTC 5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

36 352[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

7 71133

Автомобиль коды

07

Ақсай картадаҚарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Ақсай картада
Ақсай
Ақсай
Ақсай картада
Ақсай
Ақсай
 Басқа мағыналар үшін Ақсай деген бетті қараңыз.

АқсайБатыс Қазақстан облысындағы қала, Бөрлі ауданының орталығы, темір жол стансасы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы - Орал қаласынан шығысқа қарай 108 км-дей жерде, бетеге мен селеу өскен қоңырқызғылт топырақты, құрғақ дала белдемінде, Шыңғырлау өзенінің солтүстік далалық өңірінде орналасқан.

  • 33,6 мың адам (2014).
  • 38,3 мың адам (2015).

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 36293 адамды (17477 ер адам және 18816 әйел адам) құрады.[2]

Іргесі 1936 жылы Орал - Илецк темір жолын салуына байланысты қаланған. Басында “Қазақстан” болып аталып, бұл кент 1967 жылы қала мәртебесін алып, аты Ақсай болып өзгертілді. 1965 жылдан бастап Бөрлі ауданының орталығы. Қарашығанақ кені игеріле басталуы қала дамуына жаңа қарқын берді. 1980 жылдар бойы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакиядан құрылысшылар келіп, Қарашығанақта газ өндірісіне қажетті қондырғылар салды. Ақсай да шет қалмай, бірнеше шағын аудан, мектеп, балабақша, ойын-сауық орталықтары салынды.[3]

Кәсіпорындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақсай қаласында машина-трактор жөндеу, темір-құйматас бұйымдарын жасау зауыттары, автобаза, астық қабылдау пункті, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, темір жол көлігі кәсіпорындары, нан зауыты, элеватор жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орта мектептер, кітапханалар, аурухана, кинотеатр бар. Қалада 6 орта мектеп бар. Тұрғындар облыс орталығымен, жақын аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]