Мазмұнға өту

Ашамүйізді киік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ашамүйізді киік

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Кіші сабы: Күйіс қайыратындар
Ықшам сабы: Pecora
Тұқымдасы: Ашамүйізділер
Тегі: Antilocapra
Түрі: A. americana
Екі-есімді атауы
Antilocapra americana
(Ord, 1815)
Түршелері[2]

A. a. americana
A. a. mexicana
A. a. oregona
A. a. peninsularis
A. a. sonoriensis

Ашамүйізді киік немесе Айырмүйіз (лат. Antilocapra americana) — күйіс қайыратын сүтқоректілердің отряд тармағына, Ашамүйізділер тұқымдасына жататын жануар.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дене тұрқы 1,5 м, биіктігі (шоқтығынан алғанда) 80 см, салмағы 35-60кг, сыртқы бейнесі бөкен тәрізді.

Түсі - ақшыл қоңыр, бауыры - ақ, тамғыда ақ "айшық" , текелерінде қара "маска" бар.

Айыр мүйіз текесінің қысқа (30 см) және толықша келген мүйізі тік шығып, екі ұшы алшақтау әрі қайқылау болып өседі. Еркектерінің мүйізі қысқа, жуан, аша тәрізді, ал ұрғашыларының мүйізі қыскалау, 5-7 см-ден аспайды. Аша мүйізділердің бұғылардан айырмашылығы - мүйізінің тек сыртқы қабатын ғана тастайды да - сүйекті негізі сақталады. Айыр мүйіздің басқа қуыс мүйізділерден бір айырмашылығы - оны мүйіз қабығы жыл сайын күйлегеннен кейін түсіп, қайта шығып отырады.

Айыр мүйіз жыл сайын мамыр-маусымда төлдейді. 60% ұрғашысы егіз бұзау табады. Бұзаудың салмағы 2-4 кг, түсі - сұр, 3 аптада шөп жей бастайды. 3 айда жетіледі.

Табиғатта 5-7 жыл өмір сүреді.

Барлығы 5 түр тармағы бар:

  • A. americana americana
  • A. americana mexicana
  • A. americana oregona
  • A. americana peninsularis
  • A. americana sonoriensis

Солтүстік Американың прерий далаларында мекендеген, Канаданың оңтүстік-батысынан Мексиканың солтүстігіне дейін. Өте көп аулағандықтан 1908 жылғы мәліметпен саны 20 мыңға дейін азайған, кейбір жерлерде мүлдем құрып кеткен. Қазіргі күнде популяциясы 2-3 млн-ға жеткізілді.

Мүйізінен дәрі жасайды

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Hoffmann, M., Byers, J. & Beckmann, J. (2008). Antilocapra americana. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 10 сәуір 2009. Database entry includes a brief justification of why this species is of least concern.
  2. Mammal Species of the World — 3rd. — Baltimore: Johns Hopkins University Press, 2 vols. (2142 pp.), 2005. — ISBN 978-0-8018-8221-0.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Antilocapra americana