Афровенатор
Көрініс
Афровенатор сөзі латын тілінен аударылғанда «африкалық аңшы» деген мағынаны білдіреді. Атауы жыртқыштық сипаты мен Африка жерінен табылғанына байланысты осылай қойылған. Ол осыдан 135-123 миллион жыл бұрын Бор дәуірінде өмір сүрді. Динозаврдың сүйектерінен б.з.д. 150 миллион жыл бұрын Солтүстік Америкада өмір сүрген аллозаврдың туысы екені анықталған. Дегенмен аллозаврмен салыстырғанда оның сүйектері — ұзын әрі жіңішке, салмағы — аз, ал аяқтары жалпақ болатын. Әлемдегі денесі толық қазылған жалғаз динозавр — осы афровенатор. Екі аяқты жыртқышқа танымал палеонтолог Пол Серено 1990 жылы толық анықтама беріп, қаңқасын өзінің Чикаго университетіндегі базасына апарып қойды. Содан бері ғалым афровенаторды зерттеуде ерекше еңбек етіп келеді.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Афровенатор 1993 жылы табылған
- Оның түгелімен қазып алынған тек қана бір қаңқасы белгілі
- Афровенатор— екі аяқпен жүретін, етпен қоректенетін, құйрығы қатты, ұзындығы 5 см алмастай өткір тістері бар жыртқыш
Мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қорегі: жануарлар
- Салмағы: 1,3 тонна
- Тұқымдас: Мегалозавр
- Отряд тармағы: Зауроподоморф[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы