Ауыстырып қосқыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ауыстырып қосқыш (переключатель; switch) - есепті шешу алгоритмдерінің баламалы тармақтарын тандауға автоматты түрде немесе программашы тапсырмасы бойынша қосылған, кейде іске қосылмаған қалпында алынған схема элементі.[1]

Ауыстырып қосқыш түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жарықты аяқпен ауыстырып қосқыш - жүргізушінің аяғының астында орналасқаан фарлардың жақын қашықтыққа және алыс кашықтықка арналған шамдарын ажыратып косқыш.
  • Іске қосу ауыстырып қосқышы - көлік құралының қозғалтқышын ісқае косуда біртіндеп аккумуляторға параллельді жалғауда ауыстырылып қосқыш.
  • Фараларды ауыстырып қосқыш - көліктің рулдік бағанында орналасып, алыс және жақын қашықтыққа арналған шамын ауыстырып қосқыш құрал.
  • Жарықтың орталық ауыстырып қосқышы - габаритті жарық, кіші фара, фараның алыс қашықтықтағы жарығының және т.б. қоректендіру тізбектерін әр-түрлі үйлесімділікте қосатын көп позициялы ауыстырып қосқыш - әдетте үш позициялы болады.
  • Тізбектің ауыстырып қосқышы - бір жұлдыздан тізбекті екінші жұлдызшага «дерайер» типіндегі велосипедті беріліс қорабында ауыстыруға арналған құрылғы.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  2. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.