Мазмұнға өту

Аустрия-Германия шарты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Австрия-Германия шарты (07.10.1879, Вена) - Австро-Венгрия мен Германия арасындағы одақ туралы шарт.
Бастапқыда 5 жылға жасалғанмен, кейінен бірнеше рет ұзартылды. Шарт ең алдымен Ресейге және Францияға қарсы бағытталды; 1814-18 ж. 1-ші дүние жүздік соғыста Антантаға қарсы шыққан Германия, Австрия, Венгрия және олардың сыбайластары арасындағы соғыс одағының негізін қалады.
Австрия-Германия шартының 1-ші статьясында былай делінді: егер шарттасушы елдердің біріне Ресей шабуыл жасайтын болса, онда осы шартқа қатысушы екі жақ бір-біріне көмек беруге және екі ел өзара келісіп алмайынша, бітім жасаспауға міндетенді. Шарттың екінші статьясында былай делінді: егер шартқа отырған екі жақтың біріне басқа бір мемлекет тиісе қалса, онда екі жақ өзінің одақтасына тілектес болып бейтараптық сақтайды. Ал егер тиісуші жақ Ресейден жәрдем алаты болса, онда осы шарттың бірінші статьясы күшіне енеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998