Атаракция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Атаракция (гр. ataraxia - сабырлылық) - жан тыныштығы және сабырлылық. Оған кейбір ежелгі грек философтарының пікірінше, дана адам ғана қол жеткізеді. Атаракцияға апаратын жол, Демокриттің, Эпикурдің, Лукрецийдің есептеуінше, дүниені тануда, үрейді жеңуде, мазасызданудан арылуда жатыр. Скептиктер (Пиррон және басқалар) Атаракцияға пайымдаудағы ұстамдылық пен қол жеткізіледі деп үйретті. Стоиктер болса өтіп жатқан оқиғаға, қуаныш пен қайғыға енжарлық ретіндегі апатия ілімді дамытты, жана этика өмірге тым сүлесоқ қараушылықты теріске шығарды және жеке адамның белсенді өмірлік позициясын мұрат деп қарады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік