Мазмұнға өту

Аспара (өзен саласы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аспара өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 109 км
Су алабының
ауданы
1210 км²
Су шығыны 3,27 м³/сек м³/с
Су ағысы
Бастауы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық
 • Биіктігі 3940 м м
 • Координаттары 42°25′27″ с. е. 73°28′14″ ш. б. / 42.42417° с. е. 73.47056° ш. б. / 42.42417; 73.47056 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қорағаты өзенінің оң жағы
 • Координаттары 43°16′40″ с. е. 73°28′28″ ш. б. / 43.27778° с. е. 73.47444° ш. б. / 43.27778; 73.47444 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°16′40″ с. е. 73°28′28″ ш. б. / 43.27778° с. е. 73.47444° ш. б. / 43.27778; 73.47444 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан,  Қырғызстан
Аймақ Жамбыл облысы
 Басқа мағыналар үшін Аспара деген бетті қараңыз.

АспараЖамбыл облысы Шу алабындағы Қорағаты өзенінің оң жақ саласы.

Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтан (3940 м) бастау алады.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аспара жоғарғы ағысында бірде кеңіп, бірде тарылып отыратын тау шатқалдарымен ағады. Төменгі ағысындағы аңғары кеңейіп, (800-1200 м) жазыққа айналады. Алабында шағын 5 көл бар. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 103,14 млн. м³ (3,27 м³/сек.). Негізгі салалары: Мақанды, Игермен, Аршалы. Ұзындығы 109 км, су жинау алабының ауданы 1210 км². Аспара суы егін суаруға пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]