Мазмұнға өту

Ар-Рази

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ар-Рази , Ф а х р ә д -Д и н А б д о л л а б . М ұ х а м м е д (1149 - 1209) - ашарит каламының көрнекті өкілі. Рейде туған. Шафиға фикһ, усул әл-фикһ және қалам саласында өз әкесінің және әл-Камал ас-Симнанидің басшылығымен білім алды, ал философиялық ғылымдар бойынша Мәжит әд-Дин әл-Жилиден дәріс алды. ар-Рази Орта Шығыс қалаларын ұзақ уақыт аралап, Гүр әулеті сұлтандары мен Хорезм шаһтарының сарайларында қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдарын Гератта еткізді. ар-Рази өзін ислам діні қағидаларын бұзушы деп айыптаған Мутазила, Ханбал, Исмаил, әсіресе Каррамшылармен күрес жүргізді. Аңызға қарағанда ар-Разиге солардың нұсқауымен у берілген. Орта ғасырлар деректеріне қарағанда ақырына қарай ол каламнан бас тартқан. ар-Рази өзінің идеялық дұшпандарына қарсы күресте белсенділігімен және қаталдығымен белгілі болды. Оның қызметінің едәуір бөлігі осы күреске арналды да, өз кезегінде қатты қарсылыққа ұшырады. Дәлірек айтқанда оның қалам мен пәлсафаны жақындастырмақ болған әрекеттері үлкен наразылық тудырып, мұсылман дәстүрінде оған еркін ойлы адам деген атақ тағылды. ар-Рази пәлсафа жөніндегі әл-Ғазали ұстаған бағытқа қарсы шықты. Аз-Замахшаридің Мутазила әулеті (тафсиріне) жауап ретінде шығарылған, аяқталмай қалған атақты Мафатих әл-ғайб тафсирінің авторы. Мұсылман әлемінде бұл афсирді әдеттегі дәстүрлі түсініктемелерден рационализм бағытына қарай біраз бұрмаланған деп есептейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1