Арфа
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Арфа (нем. Harte) — ішегін іліп-тартып ойнайтын муз. аспабы. Арфа ертеде Египет және Ассиро-Вавилон елдерінен тараған. Арфа ішегі біртіндеп көбейе келіп, жетілдірілген аспапта 47 ішекке жетті. Орындаушы арфаны тартқан кезде, бұрауын өзгертіп отырады, ол үшін аспаптың аяқ жағындағы жегі баспасы (педаль) пайдаланылады. Арфаның дыбысы жұмсақ, дауыс көлемі контроктаваның до-бемолінен 4-октаваның фадиезіне дейін. Арфа тектес аспапты басқа елден де кездестіруге болады. Мысалы, Хорезм маңындағы Топырақ қаласын қазғанда, сарай қабырғасынан 3 ішекті арфа суреті табылған. 18 ғасыр саяхатшылары П. Даллас, И. Лепехин т.б. қазақтың 7 ішекті жетігенін “лежащая арфа” деп атаған (қ. Жетіген).[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |