Артур Чарльз Кларк
Бұл мақаланы не бөлімді, мәтінінің грамматикасын, мәнерін, байланыстылығын, екпіндеуін не емлесін дұрыстау керек. Сіз бұны өңдеп көмектесе аласыз. |
Артур Кларк | |
---|---|
Артур Кларк Коломбодағы үйіндегі жұмыс орнында, 2005 жыл, 28 наурыз | |
Pen name: |
Charles Willis,[1] E.G. O'Brien[1] |
Мансабы: | жазушы, өнертапқыш |
Ұлты: |
британиялық және Шри Ланкалық |
Жанры: | ғылыми фантастика, ғылымды насихаттау |
Сюжеттері: | ғылым |
Елеулі шығармасы(лары): |
Childhood's End 2001: A Space Odyssey The City and the Stars The Songs of Distant Earth Rendezvous with Rama The Fountains of Paradise |
Жұбайы(лары): | Мерилин Мейфилд (1953-1964) |
Ықпалдауы
| |
Ықпалдануы
| |
clarkefoundation.org |
Сэр Артур Чарльз Кларк (16 желтоқсан 1917, Майнхед, Сомерсет, Ұлыбритания — 19 наурыз 2008, Коломбо, Шри-Ланка) — рыцарлық атағына ие, ағылшын өнертапқышы және ғылыми фантастика жазушысы.
Ол «2001: Ғарыш одиссеясы» ғылыми фантастикалық романымен және қоюшы-директор Стэнли Кубрикпен бірге жасаған аттас фильмімен атақты. Кларк, Роберт Хайнлайн және Айзек Азимовпен бірге ғылыми фантастиканың «Үш ұлы жазушысы» атағына ие.
Әкесінен ерте айырылған Артур Кларк жоғары білімін тастап, өз бетімен ақша табуға мәжбүр болды. Жасөспірім кезінен фантастикаға әуес болып, 1936-шы жылдан бері Британдық планетааралық қоғамының (British Interplanetary Society, BIS) мүшесі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол британдық әуе күштерінде қызмет етті, ұшақтарға арналған радар мен автоматты қону жүйелерін әзірледі. Соғыстан кейін ол Британдық планетааралық қоғамының басшысы болып сайланды (1946–1947 және 1950–1953 жылдары). 1945-ші жылы ол «Жерден тыс реле» мақаласын жариялады, онда ол кейіннен сәтті жүзеге асырылған геостационарлық релелік спутниктердің идеясын ұсынды.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кларк Англияның Сомерсет графтығының Майнхед жағалауында орналасқан қалашығында туылған. Бала кезінен аспан әлемін бақылағаннан және ескі америкалық ғылыми фантастика журналдарын оқығаннан үлкен әсер алған Кларк, лицейді бітіргеннен соң, Ричард Хуиш университетінде оқи бастады, бірақ, материалдық мәселелер себебінен (университет оқудың шығынын қиындық көргендіктен) сол оқу орнында тексеруші болып жұмыс істей бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Корольдық әскери әуе күштері құрылымында радар технигі болып қызмет атқарды. Британия шайқасы кезінде Корольдық әскери әуе күштері дамытқан "ерте радар дабыл жүйесі" бағдарламасында қызмет етіп, соғыстың бітісімен әскерден лейтенант атағымен отставкаға шықты. Соғыстың соңында түскен "King's College" оқу орнының математика және физика бөлімін үздік бітірді. Соғыстан кейінгі жылдарда Кларк Британдық планетааралық қоғамының мүше болып, бірнеше жыл бойы осы ұйымның жетекшілігін атқарды. Ғаламшарды қоршап тұрған телекоммуникация серігі торының ұйымдастырылуы үшін керекті геостационарлық серік құру ойын ұсынды.
Балалық шағында шалдыққан ауру себебінен шамамен 30 жыл бойы мүгедек орындығын қолданған Кларк 50 жыл Шри-Ланкада өмір сүрді, қайтыс боларынан 4 күн бұрын ауруханаға жатқызылды, бірақ 19 наурыз 2008 жылы тыныс алу жеткіліксіздігі себебінен көз жұмды[2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Артур Ч. Кларк қоры
- Артур Ч. Кларк жүлделері
- Сэр Артур Кларк жүлделері
- Артур Ч. Кларк (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Arthur C. Clarke |
- Түзеткізуі керек Уикипедия мақалалары
- 16 желтоқсанда туғандар
- 1917 жылы туғандар
- 2008 жылы қайтыс болғандар
- Англия жазушылары
- Майнхеде туғандар
- 19 наурызда қайтыс болғандар
- Коломбода қайтыс болғандар
- Артур Кларк
- Ұлыбритания фантаст-жазушылары
- Ұлыбритания ғалымдары
- Хьюго сыйлығының иегерлері
- Небьюла сыйлығының иегерлері
- Странник сыйлығының иегерлері
- Британ империясы орденінің командорлары
- XX ғасыр жазушылары
- XXI ғасыр жазушылары
- Ұлыбритания өнертапқыштары
- Футурологтар
- Ғылымды бұқараландырушылар
- Калинги сыйлығының лауреаттары
- Маркони сыйлығының иегерлері
- Джон В. Кэмпбелл мемориалдық сыйлығының иегерлері