Аристарх Самостық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Самостық Аристарх (шама: 390-250 б.д.д.) — көне грек астрономы. Ол ең алғаш "жер күнді айналады, күн - центр" дейтін гелиоцентризмнің негізін қалады. Геометриялық есептеулер арқылы ол жер мен күннің аралығын өлшеп, Аристотельдің геоцентризм жүйесі (жер әлемнің центрі дейтін жүйе) дұрыс емес деген қорытындыға келеді. Бірақ бұл ілімді кейін І ғасырда басталған Христиан теологтары қолдамды. Олардың ойынша Құдай жерді әлемнің центрі етіп жаратқан-мыс! Сондықтан олар Птолемейдің жер центрі моделін пайдалады. Аристархтың қортындысын шамамен 1800 жылдан кейін Полша астрономы Коперник қайта жаңғыртты. Ал оның шындап дәлелденуіне Галилей мен Кеплер үлес қосты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Aristarchus of Samos