Аралық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аралық (лат. intervallum) —

  1. Cаптағы, ұрыс алдындағы, ұрыстық және жорықтық реттегі әскери қызметшілердің, қарулардың, машиналардың, ұшу апараттарының, кемелердің, сондай-ақ бөлімшелер мен бөлімдердің арасындағы майданшеп бойынша қашықтық;
  2. Көршілес қарулар снарядтарының көрші түсу нүктелері арасындағы майданшеп бойынша кашықтық;
  3. Зениттік басқарылатын ракеталарды жіберу, сондай-ақ торпедалар жіберу кезіндегі аралық үзіліс;
  4. Бірінен кейін бірі ұшқан ұшақтардың (тікұшақтардың) бір шектен не бір нүктеден кезектесе ұшып өтуге тиіс кауіпсіз уақыт аралығы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл