Апеннин түбегі
Апеннин түбегі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 149 000 км² |
Ең биік нүктесі | 2914 м |
Орналасуы | |
42° с. е. 14° ш. б. / 42° с. е. 14° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42° с. е. 14° ш. б. / 42° с. е. 14° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Түбекті шаятын акваториялар | Тиррен теңізі, Адрия теңізі, Ион теңізі |
Елдер | Италия Сан-Марино Ватикан |
Апеннин түбегі Ортаққорда |
Апеннин түбегі (итал. Penisola italiana – Итальян түбегі; сонымен қатар Penisola appenninica) — Жерорта теңізінің орта бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1100 км-ге созылып жатқан Оңтүстік Еуропадағы ірі түбектердің бірі.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданы 149 мың км², ені 130-300 км. Орталық Еуропадан Альпі тауы арқылы бөлінеді. Батысында Тиррен, шығысында Адриат, оңтүстігінде Ион теңіздерімен қоршалған. Жағасы көп тілімделген. Жер бедері таулы. Түбектегі тауларды Апеннин таулары және франциялық, италиялық Ривер бөледі. Апеннин түбегінің көпшілігі, кайнозойлық қатпарлану кезінде қалыптасқан жанартаулық аймақ. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, газ және аллюминий кентастары өндіріледі.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты – субтропиктік жерортатеңіздік. Қыс айларының орташа температурасы 12°C, жазда орташа температура 28°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 1500 мм-ге дейін жетеді.
Ірі өзендері – Тибр, Арно, ірі көлдері – Траимек, Больсен. Таулы аудандарда етті-жүнді бағыттағы мал өсіріледі, жағалау маңында дәнді дақылдар, жүзім егіледі. Ірі қалалары — Неаполь, Рим, Ливорно, Флоренция. Апеннин түбегінде Италия, Ватикан, Сан-Марино, мемлекеттері орналасқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7 том