Аммоний сульфаты
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Аммоний сульфаты , (NH4)2SO4 — құрамында 20,5-21% азот бар, ақ немесе жасыл-сұр түсті, майда кристалды, суда жақсы еритін, ауадағы ылғалды аз сіңіретін қышқыл тыңайтқыш. Ол синтетикалық немесе коксхим. аммиакты күкірт қышқылымен әрекеттестіру арқылы алынады. А. с. құрамында бос күкірт қышқылы болатындықтан (0,025-0,05%) бейтарап және сілтілі топырақты (қара, қара қоңыр, сұр) тыңайтқан пайдалы. А. с. топырақта біраз уақытқа дейін шайылмайды. Сондықтан оны күзде қолданады. А. с-н тұқыммен бірге, дақылдың бастапқы өсу кезеңінде шашуға болмайды. Бұл тыңайтқышты қолдануда өсімдік қоректенуінің биол. ерекшелігін ескеру керек.