Алексей Семенович Крахмаль
Алексей Семенович Крахмаль(24.3.1911, Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы,Теректі ауылы - 12.1.1987) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, зеңбірек командирі, кейіннен кіші лейтенант. Соғысқа дейін Мемлекеттік банкінің ұжымшар жөніндегі инспекторы болып жұмыс істеген. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Брянск, 2-Украина, 1-Беларусь майдандарында ұрысқа қатысты. Ростов қаласындағы артиллерия училищесін (1943) бітіріп, 713-артиллериялық полктің өздігінен жүретін «Су-76» батарея қондырғысының командирі болды. Ол Корсунь-Шевченко шайқасында Колосы, Скачки, Колотовка және Поболово елді мекендерін алуға қатысты. Осындай ұрыстардың бірінде Крахмаль ауыр жараланса да, жаудың өздігінен жүретін 8 зеңбірегін, 10 пулемет ұясын және 60-қа жуық әскері мен офицерін жойып жіберді. Крахмаль өзінің жауынгерлік жолын Германияның солтүстігінде аяқтады. Ұрыс далаларында көрсеткен ерліктері үшін Крахмальға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (28.8. 1944). Ленин, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін ол Мәскеу қаласында тұрып, Орталық техника ақпарат бюросы кино түсіру тобының директоры болып жұмыс істеді. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |