Алексей Матвеевич Румянцев
Алексей Матвеевич Румянцев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Кострома облысы |
Қайтыс болған күні |
1 желтоқсан 1993 (88 жас) |
Қайтыс болған жері |
Мәскеу |
Азаматтығы |
КСРО |
Ұлты |
орыс |
Марапаттары мен сыйлықтары |
2 рет Ленин ордені, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдар |
Алексей Матвеевич Румянцев - совет экономисі,КСРО ғылым академиясының акадимигі. 1940 жылдан КОКП мүшесі.
Қызмет жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Харьков халық шаруашылық институтын бітірген. 1930-43 ж. ғылыми-оқытушылық қызметте болды. 1950-52 ж. УССР ғылым академиясының Экономика институтының директоры, УССР ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің председателі. 1952-55 ж. КОКП ОК-нің аппаратында қызмет істеді. "Коммунист" журналының бас редакторы, "Правда" газетінің бас редакторы болды. Алексей 1965-67 ж. КСРО ҒА экономика бөлімшесінің акадимик - секретары. 1967-71 ж. КСРО ғылым академиясының вице-президенті. 1971 жылдан КСРО ғылым академиясының Президиум мүшесі. Алексей коммунистік формацияның заңдары мен категорияларын, социализм тұсында экономикалық заңдарды пайдалану механизмін, ғылым-техникалық революцияның саяси экономикалық мәселелерін, екі жүйенің экономикалық және ғылым-техникалық жарысы мен ынтымақтастығының мәселелерін , ғылымның даму заңдылықтарын, социал идеология мен мәдениеттің қалыптасуын, ғылыми болжаудың проблемаларын зерттеуге үлес қосты. Ол - КОКП 19-24 съездернің делегаты. Алексей партияның 19-20, 22-24 съездерінде КОКП ОК-нің мүшесі болып сайланды. 4-5 сайланған КСРО жоғарғы Советінің депутаты. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том