Александр Иванович Сахи Романов
Александр Иванович Сахи Романов (1 тамыз 1926 жыл, Қарақұм ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы) — кеңестік және қазақстандық кино суретшісі, график, кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі (1981).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1944–1947 жылдары Мәскеу көркемсурет орта мектебінде,
- 1947–1948 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында оқыған.
- 1955 жылы Мәскеудегі Кинематография институтын бітірді.
Сахи Романов "Қанатты сыйлық" (1956), "Алдар көс" (1964), "Ән қанаты" (1965), "Жангелдин отряды" (1967), "Найзатас баурайында" (1969), "Құлагер" (1972), "Даладағы куғын" (1978), т.б. фильмдердің декорациясы мен костюм нобайларын, "Қырық өтірік" ертегісінің графикалық иллюстрацияларын (1955), "Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы" (1961) топтамаларын жасады. Сахи Романов қондырғылы кескіндеме монументтік түрлі-түсті сән жосығымен үйлескен "Қазақстанның халық артисі Ғ.Құрманғалиевтің портреті" (1957), "О. Сүлейменовтің портреті" (1965), "Автопортрет" (1973), "Мұхаммед Хайдар Дулати" (1978), т.б. портреттерді салды. Сондай-ақ, "Ант. Жер туралы декрет", "Отан аспаны аясында", "Құй бұғаудан босау" (үшеуі де 1970), "Бектау ата" топтамасы (1984), "Аврора жаңғырығы" (1986–1987), т.б. картиналарын салды. Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендері мен медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|