Мазмұнға өту

Александр Гамильтон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Александр Гамильтон
Alexander Hamilton
Джон Трамбулл салған портрет, 1806 жыл
Туған күні

11 қаңтар 1757 (1757-01-11)

Туған жері

Чарлстаун (Сент-Китс және Невис)

Қайтыс болған күні

12 шілде 1804 (1804-07-12) (47 жас)

Қайтыс болған жері

Гринвич-Виллидж, Нью-Йорк

Азаматтығы

АҚШ

Діні

Пресвитериандық

Партиясы

Федералистер партиясы

Мансабы

Экономист, банкир, юрист, саясаткер, әскери офицер

Жұбайы

Элизабет Гамильтон

Балалары

8

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Александр ГамильтонАмерика Құрама Штаттарының мемлекеттік қайраткері, алғашқы қаржы министрі (1789—95), «негіздеуші әкелердің» бірі.

Тәуелсіздік жолындағы соғыс (1775—1783) кезінде шешендігімен әрі публицистігімен көзге түсті. Гамильтонның құн, ақша, баға мәселесі жөніндегі зерттеулері АҚШ-тың саяси экономиясын ілгері дамытуға ықпал етті.[1]

Ол мықты федералдық үкіметтің, қуатты экономика мен армияның, мануфактуралық өндірістің қолдаушысы болған. Өзі алғашқы екі банктың құрылуына себепші болған.

1789 жылы ол Американың алғашқы саяси партиясы болып саналатын Федералистер партиясының негізін қалады.

Конституция және «Федералист жазбалары»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1787 жылы Гамильтон Нью-Йорк штатының заң шығару жиналысының депутаты болып сайланды, ол Конституциялық жиналыстарға делегат болып қатысты. Алғашқы ұсыныстардың бірі президенттің билігін өмір бойына жеткізу керек деген ойы болды.

Жаңа Конституцияны жақтайтын эсселер жинағының негізгі авторы болды (Джеймс Мэдисон мен Джон Джеймен бірге). «Федералист жазбаларына» кірген 85 мақаланың ішінен Гамильтон 51-н жазған.

Қаржы министрі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1789 жылдың мамырында Джордж Уошингтон президент міндетін атқара бастағандықтан, жаңа министрлер кабинетін құруға кірісті. Қаржы министрі лауазымын Александр Гамильтонға ұсынды. 11 қыркүйекте ол алғашқы қаржы министрі болып тағайындалды.

Гамильтон өз күш-жігерін әсіресе мемлекеттік қарыз мәселесін шешуге бағыттады. Сондай-ақ ол кедендік алымдар жүйесін реттеді және Ұлыбританиямен сауда қарым-қатынастарын тиімді қалпына келтірді. 1791 жылы ол мемлекеттік ақша сарайын құру жоспарын ұсынды, АҚШ ақша сарайы келесі жылы құрылды.

Александр Гамильтон
10-долларлық банкнотада

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энциклопедиясы, 3-том.