Айлант
Айлант | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Айлант
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Ailanthus altissima (Mill.) Swingle | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Айлант (лат. Ailanthus altissima) - дара желектілер (Simaroubaceae) тұқымдасына жататын ағаш.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дің қабығы сұрғылт-қоңыр.
Жапырақтары кезек орналасқан, үлкен, тақ қауырсынтәрізді, 9-41жапырақтан, жағымсыз иісті.
Мамыр-маусымда гүлдейді. Гүлдері майда, гүлшоғыры - ірі сіпсебас
Жемісі ұзынша, шағанның жемісіне ұқсас.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айланттың жабайы түрі Қытайда, Үндістанда өседі. Қырым, Қавказ, Украинада тез өсетін ағаш ретіде көшеде, паркте өсіріледі.
Пайдалануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халық медицинасында Айлант қабығы мен жапырағын іш құртына қарсы пайдаланады.
Гүлін, жас бұтағы және қабығы қызылша мен қарамық ауруын емдеуге қолданады.
Жібектің ең бағалы түрін беретін айлант түт көбелегінің жұлдыз құртын Айлант жапырақтарымен қоректендіреді.
Гүлдерінен бал аралары шырын жинайды.
Ерте кезде Қытайда жапырағынан тоқыма маталар алыған, одан әр түрлі үй бұйымдары жасаған және бас киімдер тоқыған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998