Адай
Адай | |
---|---|
Ұраны | Қосай, Бекет, Тегелен |
Лақап атауы | |
Шығу тегі | Ауызекі әдебиеттегі Алау батыр жырындағы Алтын Орда әмірі Алаудан тарайтын ''Алшын'' тайпасы |
Жүзі | Кіші жүз |
Тайпасы | ''Алшын'' |
Бөлімдері | |
Тараулары | |
Ақсақалы | |
Қыстаулары | Маңғыстау: Жылыой, Батыс-Арал, Желтау, Бейнеу, Мойнақ, Бозашы, Түпқараған, Қарақия, Балқан, Дайоғыз. |
Жайлаулары | Мұғалжар тауынан Еділге дейін, Жем мен Еней (Сағыз) өзені, Темір жерінен Ойылға дейін. |
Веб-торабы | https://vk.com/adai_ata |
Адай — ''Алшын'' тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі, Байұлы рулар бірлестігіне кіреді. Қазіргі Адайлар Қазақстанның көбінесе Маңғыстау облысында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және еліміздің басқа облыстарында мекендейді. Түрікменстанның Балқан және Дайоғыз велаяттарында, Қарақалпақстанда, Иранның солтүстігінде және Ресейдің Астархан облысында үлкен диаспоралар бар.
Репрессияға ұшырауы
Патша үкіметіне кірген үш жүзде, жалғыз адайлардың орыс үкіметін мойындамауы: адайларды мыңдаған орыс-казак әскерлерімен соғысуға алып келді. Тарихта: адайлар орыс үкіметінің қазақ жерлерін тартып алу, қазаққа өз жерін билетпей, жұмыс орындарын бермеу, егістік орындарынан ығыстрыру, қазақты, қазақ жерін отарлауға бағынбады. Алайда оның салдарынан көптеген адайлар репрессия, қуғынға ұшырап, жесірлер жетімдерімен Иран асып кетуге мәжбүр болған.
Таралуы
Адай елі: ежелден Каспий теңізінің шығысынан, Арал теңізінің батыс, оңтүстігіне дейін, Мұғалжар тауынан (Ақтөбе облысы), солтүстік Балқанға (Түркменстан) дейін, Ойыл өзені мен Мойнақ шөлі (Қарақалпақстанның батысы: Кұнғрад, Мойнақ) жерлерінде өмір сүрген халық. Сондықтан Адай елі өздерінің қазіргі: Жылыой, Қызылқоға, Балықшы, Мақат, Ойыл, Темір, Байғанин аудандарының түпкілікті тұрғыны болып өмір сүріп келеді. Қазақстан шекарасын айқындалып, құжатқа түсер кезеңдер де қазақтың оңтүстің аймақтары Өзбекстанның, батысы (Маңғыстаудың шығысы) Қарақалпақстан иелігінде қалып қойды. Қазіргі таңда да сол Адай жерлерінде яғни Мойнақ, Кұнғрад аудандарын да Адайлар тұрып жатыр. Сол сияқты Ресей Федерациясында Ноғай-Адай жерлері: "Астархан (Астрахань), Самар (Самарская), Сармат (Саратов), Еділді (Волгоградская), Таңбалы (Тамбов)" облысытары қалып қойған болатын. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары. Ақтөбе, Орал облыстарында Адайлар бар. Оңтүстік Қазақстан облыстарында Адайлардың саны аздау, дегенмен де Оңтүстік Қазақстанның Адайлары сол жердің байырғы тұрғындары болып саналады.
Шежіресі
Адай өмірде болған адам, шамамен 15 ғасырда өмір сүрген. Адайдан екі бала бар: Құдайке мен Келімберді. Құдайкеден 2 бала Тәзіке және Қосай ал Келімбердіден 6 бала: Құнанорыс (Ырысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Әлнияз (Бұзау), Тобыш, Мұңал. Тәзіке ол Сегіз Арыстың біріншісі болып табылады одан кейін Қосай ата батыр болғандықтан, Ер Қосай атанып кеткен ол. Ер Қосай Батыр 1507–1863 жылдары өмір сүрген. Одан кейін Келімбердіден тараған 6 баланың біріншісі: Құнанорыс (Ырысқұл). Құнанорыстан 2 бала Жанбай мен Жантұған. Одан кейінгі Ақпан одан кейін Балықшы, негізі Балықшының шын есімі Шыбынтай сол Балықшыдан 3 бала: Жүйрік, Қостай, Есберді одан кейінгі Бұзау. Негізі Бұзаудың шын есімі Әлнияз. Сол Бұзаудан 2 бала Жеменей және Айтұмыс одан кейін Мұңал. Мұңалдан 5 бала: Алақұнан, Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы Батыр (Қырықмылтық). Шоғы Батыр лақап аты Қырықмылтық. Шоғы батыр болған ол 1667–1726 жылдары өмір сүрген ол қазіргі Түркістан да Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген. Одан кейінгі сегіз арыстың ең кішісі Тобыш одан 2 ұрпақ қалған Ораз және Бегей. Адай атаның өмір сүруі шамамен 14–15 ғасыр. Қазіргі кезде Адай руының кең жайылған жері Маңғыстау облысы болып есептеледі.
Тарихы
Кіші жүздегі көп тараған рулардың бірі — Адай руы. Маңғыстау адайларының шыққан тегі туралы нақты деректер аз. Тек С.А.Аманжолов қана адайлар, оның өзі жазғандай, Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б.з.б. ІІ ғасырдың өзінде-ақ, Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан. Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді. Осы пікірді дамыта отырып, рудың шыққан тегі көрінісін мүмкін болғанынша жаңғыртуға тырысайық.
Дайлар (дахтар) туралы алғашқы мәліметтерді буз І Дарийдің Накширустемдік жазбаларынан табамыз, онда б.з.б. VI-IV ғасырларда Яксарттың (Сырдария) сағасы жағында тарадарайя немесе парадарая сақтары тұрған, дахтар солардың одағына кірген делінеді.
Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, біз б.з.б. V біздің заманымыздағы І ғасырда-ақ Сырдарияның төменгі ағысында емес, Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағында, яғни қазіргі Иран мен Түркменстан шекарасындағы аймақта мекендегенін көреміз.
В.М.Массой да «Ксеркстің мерзімі б.з.б. 486-480 жылдар деп белгіленетін белгілі антидевовтық жазбаларында Ахеменидтік Персияға бағынған халықтар мен елдер арасында даха атауы келтірілген, зерттеушілердің көпшілігі оны Страбонның дайларымен салғастырады» деп көрсетеді.
Бұл да дайлар туралы бірден-бір мағлұмат емес, С.П.Толстов «хорезмиліктердің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығысындағы көршілері дах тайпалары болып табылады» дейді. Бұл мәліметтер де б.з.б. ІІІ ғасырларға қатысты. С.П.Толстовтың айтуынан дахтар Сырдарияның төменгі ағысында және ішінара Теджен өзені аңғарындағы өңірде, яғни оларды (Геродот пен Страбон бойынша) б.з.б. V ғ. Біздің заманымыздағы І ғасырда мекендеген жерінде орналасқаны көрінеді.
Б.з.б. VI-IV ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген дахтар ІІІ ғасырдың өзінде-ақ, Геродот пен Страбонның деректеріндегідей, ішінара Теджен өзені аңғарына қоныс аударып, қалғандары бұрынғы жерінде тұра беруі ықтимал. Дайлардың (дахтардың) Сырдарияның төменгі ағысынан оңтүстікке қоныс аударғанын Страбон да көрсетеді. Ол Аршакидтік патшалыққа орын тепкен (парнадайлар Меотидояның арғы жағында", яғни Арал теңізінің арғы жағында «мекендейтін дайлар аймағынан шыққандар» дейді.
Арал өңірі дайларының Теджен өзені бойына қоныс аударғанын С.П.Толстов та айтады. Дайлардың бұдан кейінгі тарихы бізге былайша сияқты. Кангюй (қаңлы) тайпалық одағының мейлінше гүлденген кезеңінде ол өзінің ықпалын Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына таратқан. Осы кезеңде дайлар кангюйлердің билігіне ұшырауы ықтимал. Кангюй тайпалық одағының орнына жаңа тайпалық бірлестік Батыс Түрік қағанаты келіп, оның құрамында өз тұтастығын сақтап қалған дайлардың күшті де саны көп тобы болған.
Сонан соң (ІХ ғ.) дайлар тобы оғыз тайпалары одағына кірген. Тегінде, дайлардың (дахтардың) Маңғыстауға орын тебуі сол кезеңде (ІХХ ғғ.) болуы мүмкін. Бұл жағынан әл-Истахридің Гуздер елі туралы «Китаб Месаликал Меналик» деген кітабында келтірілген мәліметтер назар аударарлық. Атап айтқанда, онда былай делінген: «…Онда (Сиякух Маңғыстау В.В.) қоныс және жайылым еткен». Сиякух бұл арада арал деп көрсетілген. Гуздерден бөлініп кеткен «түріктер тайпасы» дайлар (дахтар) болуы, гуздер осы «арал» халқын адайлар деп атауы да мүмкін, өйткені гуздер (оғыздар) тілінде арал — ада.
Шыңғысханның тегі Адай тайпасы, Мұңал руынан, тарихшының бәрі Мұңал атамыздың атын Мунгал, монгол, могол деп тарихта болмаған, түбі негізсіз атауларды он үшінші ғасырдан бері санаға тықпалап келеді. Мұңалдан – Келімбердінің кенже баласы, одан төрт бала, кейбіреулер бес бала дейді: Жаулы, Шоғы ( ол Қырықмылтық деп те аталады), Әли, Бәйімбет, Алаоғылан ( алақұнан ); одан мен білетін ешкім жоқ. Жаулы екі әйел алыпты, кішісі өзбек қызы дейді. Одан Қосқұлақ, Ескелді туады. Бәйбішесі баланы кештеу көріпті, Жаулы жауға аттанып бара жатқанда бәйбішесі былай депті. « Құрсағымда бір зат бар, кетпе, бір балаға зар болып өтеміз бе », - депті. Сонда Жаулы оған былай депті – міс: « Мен уәде бердім ( жауым – қалмақ ), олар бітімге шақырыпты, бітсе – біткенін, бітпесе – жаулығын көріп қайтам. Қазақтың қырық батырына берген уәдем бар. Ұл тусаң, атын қоярсың » - деп кете беріпті. Сол кеткеннен Жаулы қайта оралмайды. Бәйбіше ұл бала туып, атын Жары қояды. Екінші әйелі дегенде түсінік әртүрлі. Әйел үстіне алғанды тоқал деп, қосы ауып, алған әйелді екінші әйел десе, қандай артық-кімі болар еді?! Ескелдіден: Жақсылық пен Игілік туады. Игіліктен үш бала: Доғал, Құдайназар, Құдайсүгір.
Адайдан кең тараған рулардың бірі- мұңал. Қазіргі мұңал руынан әли атты ру тараған. Олардың көпшілігі Маңғыстауда және Атырауда. Ал Ақтөбедегі Байғанин және Орал қаласының өзінде адайдан тараған әлилер баршылық. Әлиден 3 ру Меңке, Әлишер, Тоқалы тарап, ұрпақтары әлі күнге дейін өмір сүруде.[1]
Сегіз арыс Адай
1. Қосай арысынан: Есембет, Есек, Еміл, Өрезек, Айдаралы, Айтқұл, Бәйнеке, Киікбай, Бердіс, Сердалы, Қатен, Шалбар, Қадір, Әйтей, Бегей, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай).
2. Тәзіке арысынан: Қабақтай, Өтей, Сәрке.
3. Құнанорыс арысынан: Құнанорыс.
4. Ақпан арысынан: Ақпан.
5. Шыбынтай (Балықшы) арысынан: Балықшы.
6. Әлнияз (Жеменей) арысынан: Шолақ, Солтаналы, Бегімбет, Қалша, Мырзагелді, Қожантай, Қожағұл, Қожамсүгір, Алдасай, Кедей, Бәйбіше, Қаратоқа, Ақбота, Көшке, Олжашы, Мамыр, Бөкен, Есен, Кенже.
7. Тобыш арысынан: Табынай, Бәубек, Шоңай, Қамысбай, Күмісбай, Қаржау, Дорал, Жаңай, Тоқабай, Өтеғұл, Құл-Зорбай, Қожа, Шегем, Жайылған, Шағыр, Бабық, Бегей, Қараш.
8. Мұңал арысынан: Алақұлан, Әли, Жанақ, Боқсары, Әтембек-Абыз, Байшағыр, Мамыртай, Жақау, Қырымқұл, Қыдырша, Бабақұл, Мая, Қоштан, Төлеп, Медет, Күшік, Қосбармақ, Байпақ, Байбоз, Өтеулі, Матай, Айым, Шақа, Жаманғара, Көрпе, Сүгірәлі, Сарғасқа, Жәдігер, Ескелді, Қосқұлақ, Мете, Дәулеталы, Кеще, Жетімек, Тоқтамыс, Бектеміс, Базар, Шотан, Майлан, Құдайберген, Тастемір, Қырықмылтық.[2][3]
Тұлғалар
- Ер Қосай Құдайкеұлы
- Атағозы батыр Айтқұлұлы Қосай-Айтқұл
- Есек батыр Есенқұлұлы Қосай
- Қашаған Күржіманұлы Қосай
- Сарымерген би Қосжанұлы Қосай-Сүйіндік (Жаманадай)
- Майфок Хамитов Қосай
- Нұрлыбек Майфокұлы Хамитов Қосай
- Жамбыл Төлекеұлы Құдайбергенов Қосай
- Оспан Көбейұлы Қосай-Мәмбетқұл (Шалбар)
- Қойшы Қонысбайұлы Қосай-Бәли
- Ақпан батыр Келімбердіұлы
- Алдияр ишан Ниязұлы Ақпан
- Мұңал батыр Келімбердіұлы
- Ақтан Керейұлы Жеменей
- Бүркіт би Жеменей
- Ләззат Кетебайұлы Қиынов Жеменей
- Ермембет би Тұрұлы Айтумыс-Есен
- Қабақ би Ермембетұлы Айтумыс-Кенже
- Тобанияз Әлниязұлы Айтумыс-Кенже
- Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин Айтумыс-Бөкен
- Қалнияз Шопықұлы
- Аралбай Оңғарбекұлы
- Бопай Бәтима
- Бәйімбет Телеуұлы
- Мырзағали Тынымбаев
- Азамат Тахирұлы Мұсағалиев
- Шәкір Жексенбаев
- Қайыржан Ізтелеуұлы Әлиев
- Бекет Мырзағұлұлы Қосқұлақ
- Әнес Төлендіұлы Сарай
- Әбіш Кекілбайұлы Жаңай
- Асан Әбдірұлы Жаңай
- Құлыш би Түменбайұлы Шоңай
- Алшын Меңдалыұлы Шоңай
- Ерғали Төлесінұлы Шоңай
- Тілеген Қалмағанбетов Шоңай
- Сатша Тоқашев Зорбай-Тоқабай
- Фариза Оңғарсынова Тәзіке
- Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов
- Ерлан Тынымбайұлы Қарин
- Самат Базарбайұлы Мұсабаев Тобыш
- Қабиболла Сыдиықұлы Ақбота
- Боқай Қожыров Ақбота
- Әбдіхамит Сәркенұлы Есболов Ақбота
- Сембіғали Төрешұлы Зәкенов Ақбота
- Сұлушаш Молдажанова Ақбота
- Ләззат Құлжанқызы Нұршаханова Ақбота
- Шабай батыр Қонысұлы Құнанорыс
- Жалау Мыңбаев Құнанорыс
- Дәуіт Қошанұлы Нүкенов Құнанорыс
- Таңғали Смитұлы Хамиев Құнанорыс
- Қожық Сармағанбетұлы Құнанорыс
- Сембай Байнекеев Құнанорыс
- Мұрат Құрбанбаев Құнанорыс
- Амандық Оразов Құнанорыс
- Сембай Бердімұратов Құнанорыс
- Асқар Бердімұратов Құнанорыс
- Тұржан Сариев Құнанорыс
- Сабыр Шеркешбайұлы Адай Құнанорыс
- Базарбай Сабыров Құнанорыс
- Тұрар Таласбайұлы Қондыбаев Құнанорыс
- Дәуімшар батыр Қуатұлы Қырықмылтық
- Құлшар Бақтыбайұлы Қырықмылтық
- Тұрмамбет батыр Төлеғожаұлы Жаулы-Ескелді
- Бердалы батыр Отарұлы Жаулы-Ескелді
- Дауыл батыр Бабаұлы Жаулы-Ескелді
- Сүгір жырау Бегендікұлы Жаулы-Ескелді
- Қылышбек Есқожаұлы Жаулы-Ескелді
- Балуанияз батыр Мүсірепұлы Балықшы
- Аман Ғұмырұлы Төлеев Балықшы
- Шотан батыр Назарұлы Жары
- Абыл Тілеуұлы Жары-Тоқтамыс
- Құрамыс Ермеков Жары-Тоқтамыс
- Қатимолла Ризуанов Жары-Тоқтамыс
- Сүйінғара батыр Үргенішбайұлы Жары-Жетімек
- Досан батыр Тәжіұлы Жары-Дәулеталы
- Боқымаш Шоланұлы Жары-Майлан
- Айдар ишан Шайхыисламұлы Жары-Тастемір
- Жетібай Жылқышыұлы Жары-Тастемір
- Түменбай Қалжанұлы Жары-Базар
- Мұқан Бесжанұлы Жары-Бектеміс
- Нығмет Қалдәулетұлы Жары-Бектеміс
- Ержан Төлегенұлы Жары-Бектеміс
- Мәди Қайпыұлы Бегенов Әли
- Сабытай батыр Бәйімбетұлы Бәйімбет
- Ырсай батыр Бәйімбетұлы Бәйімбет
- Текей Райымбердіұлы Бәйімбет
- Абыз би Әтембекұлы Бәйімбет
- Қырымқұл би Әнетұлы Бәйімбет
- Мая би Әнетұлы Бәйімбет
- Төлеп батыр Әнетұлы Бәйімбет
- Иса би Тіленбайұлы Бәйімбет-Жаманқара
- Баймәмбет би Маяұлы Бәйімбет-Мая
- Ағыс Жайылғанұлы Бәйімбет-Қыдырша
- Ғафур би Қалбыұлы Бәйімбет-Қырымқұл
- Қожа Ғафурұлы Бәйімбет-Қырымқұл
- Мәмбетнияз би Төлепұлы Бәйімбет-Төлеп
- Құлсары би Тінекейұлы Бәйімбет-Күшік
- Тілеген би Мәмбетұлы Бәйімбет-Медет
- Намаз Ізімбергенұлы Бәйімбет-Әтембек
- Әлқуат Дауылбаұлы Бәйімбет-Өтеулі
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
- ↑ Сегіз арыс Адайым. Танымдық шежіре кітап. 9 том. Астана: Профи Медиа, 2015. - 480 бет.
- ↑ Шежіре - Сайын Баймұңаловтың және Бисен Өтесінұлының нұсқалары http://sugirali.kz/index.php/shezhire/ata-tek Бейнеу аудандық «Рауан» газеті, 8 қараша 1991 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |