Автолиз
Автолиз (гр. 'αὐτός' — өзім, өздігінен; λύσις — ыдырау, еру) — өздерінің жасуша цитоплазмасы құрамындағы гидролиздік ферменттерінің әсерінен жасушалар мен ұлпалардың (тканьдердің) өздігінен ыдырау процесі; ағзаның немесе жасушаның өз құрамының заттар бөліктерін қорытуы. Автолиз бірқатар физиологиялық процестерге тән және қалыпты тіршілік жағдайында өтіп жататын құбылыс.[1]
Автолиз — жәндіктердің түрөзгеруі (метаморфоз) кезеңінде, оқыс тітіркеніс кезінде кесірткенің кұйрығын өздігінен үзіп тастау (автотомия) құбылысы, өлексенің ыдырауы кездерінде және тірі организмнің өліеттену ошақтарында байқалады.[2]
Химияда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Автолиз — өздігінен еру процесі; ферменттердің химиялық әсерінен тіннің еріп кетуін айтады, тірі организмде де, өндірістік процестерде де болады.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |