Мазмұнға өту

Абидос (Геллеспонт)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Абидостың картадағы орны.

Абидос (Abydos), Дарданелл бұғазының шығыс жағалауындағы, Чанаккале түбегінің солтүстік-шығысындағы ежелгі анадолы қаласы. Б.з.д 670 жылы Милеттен келгендер осы қаланың іргетасын қалаған. Б.з.д. 480 жылы І Ксеркс Грекияны жаулап алуға аттанып бара жатқан жорығында Абидос аймағындағы бұғазды қайық ағаштарынан жасалған көпір арқылы кесіп өтеді. Қала б.з.д. 200 жылдары Македондық V Филиппке тегеурінді қарсылық көрсеткен. Осы табанды қарсылығы және «Геро мен Леандре» аңызы арқылы әйгілі болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4

Координаттар: 40°11′43″ с. е. 26°24′18″ ш. б. / 40.19528° с. е. 26.40500° ш. б. / 40.19528; 26.40500 (G) (O) (Я)