Тверь облысы
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Тверь облысы | |||||
| |||||
Елордасы |
Тверь | ||||
39-орында | |||||
Барлығы |
84,201 км² | ||||
Барлығы |
1,230,171[1] (2023) 14.38 адам/км² | ||||
Барлығы, ағым. баға |
441.7[2] млрд руб. (2018) 345.9[3] мың руб. | ||||
Сібір | |||||
Батыс Сібір | |||||
орысша | |||||
Губернаторы |
Игорь Руденя | ||||
69 | |||||
RU-TVE | |||||
MSK (UTC 4) | |||||
Ресми сайты: |
region.tver.ru |
Тверь облысы (орыс. Тверская область, Орысша айтылуы: [tvʲerˈskaɪ̯ə ˈobɫəsʲtʲ], карел. Tverin alue) — Ресей Федерациясының субъектісі, облыс. Әкімшілік орталығы — Тверь қаласы. 1935–1990 жылдары Калинин облысы деген атауы болған.
Тверь облысы Орталық федералды округінің құрамына кіреді, 2023 жылғы санақ бойынша халық саны 1,230,171[1] адамға тең.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XVIII-ғасырда Тверь қаласы әкімшілік орталыққа айналды; алғашында Санкт-Петербург губернаторлығының (1708–1727), содан кейін Новгород губернаторлығының бір бөлігі болды. 1775 жылы Тверь наменгерлігі құрылды; 1796 жылы ол Тверь губернаторлығына айналды.
1929 жылы РКФСР үкіметі Тверь қаласын Мәскеу облысындағы Тверь ауданының әкімшілік орталығы қылды. 1931 жылы қала Калинин атауын алды.
1935 жылы 29 қаңтарда Батыс, Ленинград және Мәскеу облыстарының бөліктерінен Калинин облысы құрылды.[4]
1990 жылы 17 шілдеде РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Борис Ельцин жарлығымен Калинин облысының атауы Тверь облысы болып өзгертілді.[5] Бұл бұйрығы РКФСР Халық депутаттары кеңесінің келісімімен 1992 жылдың 16 мамырында күшіне енді.[6]
1996 жылы 13 маусымда Тверь облысы Ленинград облысы мен Санкт-Петербургпен бірге федералдық үкіметпен билік бөлісу туралы келісімге қол қойып, автономияға ие болды.[7] Бұл келісім 2002 жылдың 19 ақпанында күшін жоғалтты.[8]
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тверь облысы Шығыс Еуропа жазығы ортаңғы бөлігінің батысында орналасқан. Облыс шығыста Ярославль облысымен, солтүстік-шығыста Вологда облысымен, солтүстік-батыста және солтүстігінде Новгород облысымен, оңтүстік-шығыста Мәскеумен, оңтүстік-батыста Смоленск облысымен, батыста Псков облысымен шектеседі.
Тверь облысы — Селигер және Бросно сияқты көлдер аймағы. Қалған аумақтың көп бөлігін Еділ, Батыс Двина және Днепр бастау алатын Валдай қыраты алып жатыр.
Тверь облысының ауданы 84,201 км²-ге тең, бұл 85 субъект арасында 38-орында. Облыс Ресей аумағының 0.49% құрайды және Орталық федералды округінің ең үлкен аумағы болып табылады.
Климаты ылғалды континенттік, континенттік Ресейден ылғалды солтүстік-батыс аймақтарға ауысады. Аудан климаттық жағдайларда өмір сүру және демалыс үшін жайлылық аймағында орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы батыста −8 °C пен солтүстік-шығыста −13 °C дейін, ал шілдеде 17 °C пен 19 °C аралығында болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 560-тан 720 мм-ге дейін болады.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2013 жылы Тверь облысының құрамында 36 аудан, 23 қала, 28 кент болған.[9]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тверь облысы халқының саны:
Ұлттық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2020 жылғы санақ бойынша Тверь облысының ұлттары:[13]
№ | Ұлт | Халық саны | % |
---|---|---|---|
1 | Орыстар | 1,022,391 | 94.2 |
2 | Тәжіктер | 7,237 | 0.7 |
3 | Армяндар | 6,270 | 0.6 |
4 | Украиндар | 6,023 | 0.6 |
5 | Әзербайжандар | 3,697 | 0.3 |
6 | Татарлар | 3,062 | 0.3 |
7 | Карелдер | 2,764 | 0.3 |
8 | Қалғандары | 178,727 | 3 |
Жалпы халқы | 1,230,171 | 100 |
Діни құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2012 жылғы сауалнама бойынша[14][15] Тверь облысы халқының 30% өзін Орыс православ шіркеуіне жатқызады, 9% конфессиядан тыс христиандар және 1% мұсылмандар. Оған қоса 34% рухқа сенеді, бірақ дінсіз деп жауап берсе, 20% атеист және қалған 5% өзге дінге сенеді, не жауап бере алмады.
Саясаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Заң шығарушы билікті Тверь облысының заң шығарушы жиналысы, ал атқарушы билікті губернатор басқаратын Тверь облысының үкіметі жүзеге асырады.
Тверь облысының 2016 жылдың 23 қыркүйегінен бергі губернаторы — «Біртұтас Ресей» Тверь аймақтық бөлімінің хатшысы Игорь Михайлович Руденя.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c Численность постоянного населения Российской Федерации по муниципальным образованиям на 1 января 2023 года (с учётом итогов Всероссийской переписи населения 2020 г.) (орыс.) (18 августа 2023).
- ↑ Валовой региональный продукт по субъектам Российской Федерации в 1998-2018гг. (орыс.). Федералдық мемлекеттік статистика қызметі.
- ↑ Валовый региональный продукт на душу населения по субъектам Российской Федерации в 1998-2018гг. (орыс.).
- ↑ Калининская - Тверская область.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 23 қаңтар 2022.
- ↑ Указ Президиума Верховного Совета РСФСР от 17 июля 1990 г. "О переименовании Калининской области в Тверскую область" (орыс.). Тексерілді, 31 тамыз 2023.
- ↑ Список законов РСФСР/РФ съездовского периода, (31 мая 1990 - 10/28 сентября 1993) с перечислением поправок до весны 1995 года (орыс.). Тексерілді, 31 тамыз 2023.
- ↑ Newsline - June 14, 1996 (ағыл.). Азаттық радиосы (14 June 1996). Тексерілді, 31 тамыз 2023.
- ↑ "The Rise and Fall of Power-Sharing Treaties Between Center and Regions in Post-Soviet Russia" Wayback Machine мұрағатында
- ↑ ОБЩЕРОССИЙСКИЙ КЛАССИФИКАТОР ОБЪЕКТОВ АДМИНИСТРАТИВНО-ТЕРРИТОРИАЛЬНОГО ДЕЛЕНИЯ (орыс.) (1 января 2016). Тексерілді, 1 қыркүйек 2023.
- ↑ Всероссийская перепись населения 2010 года. Том 1 (орыс.). Ресей Федералдық мемлекеттік статистика қызметі. Тексерілді, 31 тамыз 2023.
- ↑ Численность населения России, субъектов Российской Федерации в составе федеральных округов, районов, городских поселений, сельских населённых пунктов – районных центров и сельских населённых пунктов с населением 3 тысячи и более человек (орыс.). Ресей Федералдық мемлекеттік статистика қызметі.
- ↑ Всесоюзная перепись населения 1989 г. Численность наличного населения союзных и автономных республик, автономных областей и округов, краёв, областей, районов, городских поселений и сёл-райцентров (орыс.). Демография институты Ұлттық зерттеу университеті: Жоғары экономика мектебі. Тексерілді, 31 тамыз 2023.
- ↑ "Национальный состав населения" (орыс.). Ресей Федералдық мемлекеттік статистика қызметі. Тексерілді, 31 тамыз 2023.
- ↑ Arena: Atlas of Religions and Nationalities of the Russian. Research service «Sreda» Wayback Machine мұрағатында
- ↑ 2012 Atlas Arena Religion map Wayback Machine мұрағатында