Boeing 737
Boeing 737 | |
Трансаэро әуе компаниясынң Boieng 737 ұшағы | |
Түрі |
тарфюзеляжды ортамагистральді жолаушы ұшағы |
---|---|
Жобалаушысы | |
Өндірушісі | |
Алғашқы ұшуы |
1967 жыл 9 сәуір |
Қолданысқа енгізілуі |
1968 жыл |
Статусы |
қолданыста |
Негізгі эксплуатанттары |
эксплуатанты Southwest Airlines (612) |
Басқа эксплуатанттары |
Continental Airlines (264) |
Өндірілген бірліктері | |
Бірлігінің құны |
49,5-85 млн $ |
Нұсқалары |
Boeing 737 Classic |
Boeing 737 Ортаққорда |
Boeing 737 — американдық Боинг компаниясы жасап шығарған тарфюзеляжды ортамагистральді жолаушы ұшағы. Boeing 737 авиақұрылыс тарихындағы ең көп өндірілген реактивті жолаушы ұшағы (2013 жылдың қыркүйегіне қарай 7755 ұшақ өндірілген және тағы 3467 ұшаққа тапсырыс түскен[1])
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғышарттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жобалануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қолданысқа енгізілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы 5 Boeing 737 (-300 және -500 нұсқалары) ұшақтарын қолданады.
Нұсқалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Барлық Boeing 737 ұшақтары 3 ұшақтар жанұясына бөлінген: 737 Original (Түпнұсқалық), 737 Classic (Классикалық) и 737 Next Generation (Келесі генереция, NG).
- Original: 737-100, -200 ( 1967-1988 жж. өндірілген)
- Classic: 737-300, -400, -500 (1983-2000 жж. өндірілген)
- Next Generation: 737-600, -700, -700ER, -800, -900, -900ER, BBJ, BBJ2 (1997 жылдан бастап өндірілуде)
Қолданыстағы Boeing 737 ұшақтарның көп бөлігі Classic пен Next Generation жанұясының ұшақтары.
Әуе желілерінің ұшақтарды атауы: Boeing 737-200 — B732, Boeing 737-600 — B736, Boeing 737-700 — B73G, Boeing 737-800 — B73H. Вертикальді қанат ұштарымен (уинглеттер) жабдықталған ұшақтар 737W немесе 739W деп белгіленеді. Негізінен ұшақ модификацияларының атауы фюзеляж ұзындығын білдіреді. Алайда 6 фюзеляж нұсқасына 9 атау сәйкес. Фюзеляж ұзындығы бойынша атаулар: 1) -100; 2) -200, -500, -600; 3) -300, -700; 4) -400; 5) -800; 6) -900.
Boeing 737 Original ұшақтар жанұясы (-100, -200)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жанармай үнемділігінің аздығынан, қозғалтқыштардың қатты шуынан және қымбат қызмет көрсетуге байланысты 737 Original жанұясының ұшақтары қолданыстан тез шығып қалды. 737-200 ұшақтарның көбі дамушы мемлекеттердің әуекомпаниялары қолданысында, негізінен африкалық компанияларда. 737-100 ұшағы мүлдем қолданылмайды. 737 Original ұшақтарынң Boeing 727 моделінене басты айырмашылығы — ұшақ кабинасы екі ұшқышқа арналып жасалды, бортинженер қажет болмады. Кейінрек екі экипаж мүшесіне арналып жасалынған кабина жолаушы ұшақтары үшін стандартты болып кетті.
737-100
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Boeing 737-100 Boeing 737 ұшақтарының алғашқы типі болды. Барлығы 30 737-100 ұшағы өндірілген. 2007 жылға қарай ұшақтың осы нұсқасының бірде-бірі қолданыста болмады.
737-200
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Boeing 737-200 американдық нарыққа арнайы ұзартылған 737-100 ұшағының нұсқасы болып табылады. Ұшақтың бұл нұсқасына алғашқы болып United Airlines тапсырыс берді.
Boeing 737-200C — жолаушы тасымалдаушыдан аралас немесе толықтай жүк тасымалдаушы ұшаққа жабдықталына алатын модификациясы.
Boeing 737-200QC — 737-200C ұшағының модификациясы, ұшақ салоны тез қайта жабдықталына алатын. Ұшақ 1967-1988 жылдар аралығында өндірілген.
1971 жылы 737-200 737-200 Advanced (дамытылған) нұсқасына дейін дамытылды, кейінрек ол стандартты ұшаққа айналды. Бұл нұсқа да -200С және -200QC модификацияларында ұсынылды. Бұдан бөлек ұшақтың 737-200 Executive Jet және 737-200HGW (High Gross Weight) нұсқалары болды. 737-200 моделі қазіргі таңда ескірген болып саналатындықтан, қазір оны негізінен үшінші әлем әуекомпаниялары қолдануда.
Boeing 737 Classic (-300,-400,-500)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уақыт өте келе алғашқы 737-100 және -200 ұшақтары ескірді, әрі ұшақ шығындарының өсуіне байланысты DC-9 ұшағымен бәсекелістікте жеңіліске ұшырады.
1979 жылы Боинг 737-200 Advanced негізіндегі 150 орындық жаңа жолаушы ұшағы бойынша зерттеу жұмыстарын бастады. 1980 жылы ұшаққа 737-300 белгіленуі берілді. Осы кезде тағы да Boeing 757 және Boeing 767 ұшақтары бойынша жұмыс жасалынған болатын. Жобалау барысында осы үш ұшақтың авионикасы ұқсатылып жасалды.
737-300 нұсқасында 737-200-ден планер элементтерін, ұшуды басқару жүйесін, кондиционерлік жүйені, т.б. бөліктері сақталып қалғанымен, жалпы алғанда бұл жаңа ұшақ болды. -300 сандық авионикаға, басқа қозғалтықыш пен жаңа салонға ие болды. Аэродинамиканың өзгеруі форкилдің пайда болуына әкеп соқты, жаңа ұшақтың ең басты сыртқы ерекшелігі осыда болды.
737-300
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Боинг 737-300 — 737 Classic ұшақтар жанұясының алғашқы әрі негізгі өкілі. 737-200 нұсқасымен салыстырғанда ұшақ 3 метрге ұзарды (33,18 метрге дейін). Ұшаққа ең алғаш болып американдық US Airways және Southwest Airlines әуекомпаниялары тапсырыс берді.
Ұшақ алғаш 1984 жылы 24 ақпанда әуеге көтерілді. Алғашқы сериалық ұшақтар 1984 жылы күзде тапсырыс берушілерге берілді.
737-400
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Boeing 737-400 — чартерлік әуекомпанияларының талаптары нәтижесінде жасалған ұшақ нұсқасы. Ол 737-300 нұсқасын 3 метрге ұзарту арқылы жасалды (35,23 м).
Салон көлемінің үлкеюіне байланысты ұшақтың кондицинерлік жүйесі өзгеріске ұшырады. Осыған байланысты ұшақтың екі жағынан 2 терезе орын қалдырылып кеткен, сондықтан -400 нұсқасын 737 Classic жанұясының басқа нұсқаларынан айру оңай. Сонымен қатар ұшақ қанат үстіндегі қосымша апаттық есіктермен (әр жағында 2 есіктен, ал -300 және -500 нұсқаларында біреу ғана) және ұшақ құйрығына қойылған арнайы табанмен жабдықталды. Бұл табан ұшақ құйрығының ҰҚС-на тиген кездегі конструкцияның бұзылуынан сақтайды. Бұл ерекшеліктер кейінгі "ұзын" 737 ұшақтарында да болды.
Алғашқы тапсырыс берушілер — US Airways және Pace Airlines. Ең негізгі қолданушы — Alaska Airlines, 40 ұшақ.
737-500
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Boeing 737-500 — 737-300 нұсқасының 2 метрге қысқартылған (29,79 м), ұшу қашықтығы артырылған нұсқасы. Жолаушы сыйымдылығы 737-200 ұшағымен шамалас болғандықтан Boeing 737-500 оны алмастырушы ретінде қарастырылды.
Бұл нұсқа 1987 жылы көпшілік назарына ұсынылды. Ұшақтың алғаш тапсырыс берушісі Southwest Airlines (20 ұшақ) болды. Алғашқы ұшақ тапсырыс берушіге 1990 жылы 28 ақпанда берілді.
737 MAX жанұясы(-7/-8/-9)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Boeing 737 MAX — Boeing 737 Next Generation ұшақтарын алмастыру мақсатымен жобаланып жатқан ұшақтар жанұясы. Ұшақтың қолданысқа енгізілуі 2017 жылы болады деп күтілуде.
Әскери нұсқалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Азаматтық Боинг 737 негізінде жасалынған арнайы әскери ұшақтардың бірнеше түрі бар.
- Т-43 — АҚШ ӘӘК штурмандарын даярлау үшін қолданылатын Boeing 737-200. Кейбір ұшақтар адамдар тасымалына арналған СТ-43 нұсқасына өзгертілген.
- SLAMMR — көпфункционалды борттық радармен жабдықталған теңіз барлауы және тасымалдаушы ұшақ. 3 ұшақ Индонезия ӘӘК-не сатылған.
- C-40 Clipper — 737-700С негізінде жасаылған тасымалдаушы ұшақ. C-9 Skytrain II ұшағын алмастыру үшін жасалған. С-40В және С-40С АҚШ ӘӘК-нде шоғары шенді әскерилерді тасымалдау үшін қолданылады.
- Project Wedgetail — Боинг 737-700IGW негізінде жасалынған алыс радиолокациялық бақылау ұшағы. Ең алғашқы тапсырыс беруші Аустралия ӘӘК.
- P-8 — 737-800EXR негізінде жасалынған ӘТК авиациясының көпфункционалды ұшағы. P-8 Қырғиқабақ соғыс кезінің аңызға айналған сүңгуірқайықтарға қарсы P-3 Orion ұшағысн алмастыру үшін жобаланған.
Техникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]737-100 | 737-200 | 737-300 | 737-400 | 737-500 | 737-600 | 737-700 | 737-800 | 737-900 | 737-900ER | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ұзындығы, м | 28,63 | 30,53 | 33,25 | 36,40 | 31,01 | 31,24 | 33,63 | 39,47 | 42,11 | 42,11 |
Қанат жаймасы, м | 28,35 | 28,88 | 34,32 | |||||||
Биіктігі, м | 11,23 | 11,07 | 12,67 | 12,62 | ||||||
Фюзеляж ені, м | 3,76 | |||||||||
Салон ені, м | 3,54 | |||||||||
Салон биіктігі, м | 2,19 | 2,11 | 2,20 | |||||||
Максималды жолаушылар орны | 103 | 133 | 149 | 168 | 132 | 130 | 148 | 189 | 189 | 215 |
Крейсерлік жылдамдығы, км/сағ | 817 | 807 | 852 | |||||||
Минималды ұшу жылдамдығы, км/сағ | 350 | 350 | 330 | |||||||
Ұшу қашықтығы, км | 2 592 | 3 518 | 5 000 | 5 200 | 5 648 | 6 230 | 5 765 | 5 800 | 5 925 | |
Орын ауыстыру қашықтығы, км | 3 148 | 4 444 | 6 670 | 5 000 | 5 200 | 5 648 | 6 230 | 5 765 | 5 800 | 5 925 |
Көтерілу шегі, м | 10 670 | 10 700 | 11 300 | 11 300 | 12 500 | 12 500 | 12 500 | 12 500 | 12 500 | |
Ұшу кезіндегі қарқыны, м | 1 290 | 2 058 | 2 012 | 2 356 | 1 860 | 1 799 | 1 677 | 2 241 | 2 408 | 2 450 |
Қрну кезіндегі жүріс, м | 1 180 | 1 350 | 1 400 | 1 540 | 1 360 | 1 340 | 1 430 | 1 630 | 1 700 | 1 750 |
Максималды ұшу салмағы, кг | 43 998 | 45 359 | 56 472 | 62 823 | 52 390 | 56 245 | 70080 | 79015 | 74 389 | 74 389 |
Бос жабдықталған ұшақ салмағы, кг | 26 581 | 27 170 | 31 479 | 33 189 | 31 311 | 36 378 | 37 648 | 41 413 | 42 901 | 44 677 |
Жанармай қоры, л | 13 399 | 13 096 | 20 102 | 20 102 | 20 102 | 26 022 | 26 022 | 26 022 | 26 022 | 26 025 |
Жанармай қоры, кг | 10 758 | 10 515 | 16 141 | 16 141 | 16 141 | 20 894 | 20 894 | 20 894 | 20 894 | 20 894 |
Салыстырмалық жанармай шығыны , г/жолаушы.-км | - | - | 25,5 | 20,9 | 25,5 | - | - | - | - | - |
Қозғалтқыштар (2×)[2] | P & W JT8D-7 | P & W JT8D-9/9A | CFM56-3B1 | CFM56-3B2 | CFM56-3B1 | CFM56-7B18
CFM56-7B20 CFM56-7B22 |
CFM56-7B20
CFM56-7B22 CFM56-7B24 CFM56-7B26 CFM56-7B27 |
CFM56-7B24
CFM56-7B26 CFM56-7B27 |
CFM56-7B24
CFM56-7B26 CFM56-7B27 |
CFM56-7B24
CFM56-7B26 CFM56-7B27 |
Тарту күші, тс | 2 × 5,7 | 2 × 6,6 | 2 × 9,1 | 2 × 10 | 2 × 9,1 | 2 x 8,9
2 × 9,3 2 x 10,3 |
2 x 9,3
2 x 10,3 2 x 11,0 2 x 11,9 2 × 12,4 |
2 x 11,0
2 x 11,9 2 × 12,4 |
2 x 11,0
2 x 11,9 2 × 12,4 |
2 x 11,0
2 x 11,9 2 × 12,4 |
Алғашқы тапсырылу | 10.02.1968 Lufthansa | 28.04.1968 United | 28.11.1984 US Air | 15.09.1988 Piedmont | 28.02.1990 Southwest | 08.1998 SAS | 10.1997 Southwest | 24.04.1998 Hapag Lloyd | 17.05.2001 Alaska Air | 27.04.2007 Lion Air |
Дереккөз:[3].
- Бұл жанұяның ұшақтарына басқа қозғалтқыштар да орнатылған болатын: Pratt & Whitney JT8D-7, -9, -5, -17 и -17R (-200), CFM International CFM56-3С (-300, -400, -500), CFM56-7 (-600, -700, -800, -900, -900ER)
- Бағасы (АҚШ долларында): 51,5 млн-нан 87 млн-ға дейін, 2008 жылға сәйкес[4].
Апаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Orders & Deliveries 737 Model Summary (2013 қыркүйек).
- ↑ CFM International. Engines: CFM56-7B
- ↑ Boeing Commercial Airplanes D6-58325-6 SEP 2013
- ↑ Boeing: Commercial Airplanes — Jet Prices Home
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Бұл — Ұшу аппараты бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |